Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ИИДМБ екінші бесжылдығы жобаларын жүзеге асыруға 600 млрд теңге бағытталады - ҚИДИ

26 мамыр 2015, 19:07

Индустриаландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджетте 600 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, деп мәлімдеді бүгін «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов «ҚР индустриаландыру бойынша бірінші бесжылдықтың қорытындысы және екінші бесжылдыққа іс-қимыл жоспары» Индустриаландыру бойынша конференция барысында.



«Мемлекеттік бюджет қаражатынан екінші бесжылдық аясында 600 млрд астам теңге бөлу қарастырылған», - деді А.Құлсейітов.

Оған қоса, бағдарлама аясында 6 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланған. Оған қоса, төраға жеке бизнес мүмкіндіктерінің азайғанын айтты. 

«Осыған байланысты қаржыландыру бойынша тәсілдер қайта қаралып, жеке инвестицияларды көбірек тарту үшін мемлекеттік қаржыландыруды арттыру, немесе жеке бизнес өзінің бірқатар бастамаларын жүзеге асыра алмағандықтан қандай да бір жоспарларды төмендету, не болмаса үшінші әдіс - экономика трансформациясы, онда инвестиция салу және тарту тиімді болмақ», - деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, Президент жариялаған «трансформация бойынша 100 қадам» Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. 

«Яғни, біз бизнес жүргізуге, шетелдік инвестицияларға, трансұлттық компанияларды тартуға, екінші бесжылдық аясында жарияланған міндеттерді көрсетікштерді төмендетпей-ақ қаржыландыруға болар еді», - деп нақтылады ол. 

Сондай-ақ, ол индустриаландырудың екінші бесжылдығында негізінен 14 басымдықты секторды дамытуға баса көңіл бөлінетінін айтты.  

«Неге оларды іріктеп алдық? Өйткені, ең көп экспорт, ең көп тұтыну осы секторларда болмақ. Егер бар назарымыз сонда болса, алға қойған негізгі мақсаттарға қол жеткізе аламыз», - деп бөлісті ол.