Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты өз өнімін жеткізуге үш ірі келісім жасады - «Бәйтерек» холдингі

07 қыркүйек 2015, 06:00

Табақ шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы «OrdaGlass» зауыты құрылыс жүргізумен қатар дайын өнімді өткізу нарықтарын іздестестіреді және дайын өнімді жеткізуге үш ірі қазақстандық өндірушілермен келісімдер жасасты, деп хабарлайды «Бәйтерек» холдингі

Зауыт салу жөніндегі жоба ағымдағы жылдың көктемінде басталып, өткізу нарығын белсенді түрде іздестіруде, деп атап өтті басқарушы компания.

Холдингтің мәліметінше, «Бәйтерек» холдингі табақ шыны өндіру бойынша құрылыс жүргізу мен басқарудың қажетті тәжірибесі бар, шыны өнімін өндіруде ең озық патенттерге ие стратегиялық әріптес – америкалық «StewartEngineers, Inc» компаниясын тартты. 

Бұрын хабарланғандай, зауыттың өндірістік қуаты жылына 197,1 мың тонна немесе тәулігіне 600 тонна шыныны құрайды. Жоба операторы «OrdaGlassLtd» ЖШС болып табылады. Жобаға қатысу үлестері: ҚИҚ - 79,71%, «Stewart Engineers» - 20,29%. Жоба құны – 42,07 млрд. теңге. Қаржыландыру құрылымы – 20 % меншікті қаражат, 80 % ҚДБ-ның қарыз қаражаты. Жоба өтелімділігінің жоспарланған мерзімі – 11 жыл. Жобаны іске асыру кезінде 300 тұрақты жұмыс орындары, құрылыс кезеңінде 200 жұмыс орындары ашылады. Пайдалануға тапсыру мерзімі – 2017 жылғы 2-ші тоқсан. 

Жобаны іске асыру нәтижесінде импортталатын құрылыс материалдарына Қазақстанның тәуелділігі азаяды, олар бүгінде 100 %-ға шетелден әкелінеді. Өндірілетін өнімнің 70 %-ын ішкі нарыққа, 30 %-ын экспортқа шығару жоспарланады. 

Жоба операторы зауыт салумен қатар дайын өнімді өткізу нарықтарын анықтауда. Мысалы, бүгінгі күні «BI Holding» компаниясымен, Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығымен, сондай-ақ «Дана» фирмасымен өнімді жеткізуге шарттар жасасты. Бұдан басқа, Үндістан мен Түркиядан трейдерлермен өткізу туралы келісімдерге қол қойылды.

Сарапшылардың бағасы бойынша өнімді өткізудің басты нарықтары – бұл Ресей Федерациясының Сібір өңірі, Орталық Азия (Өзбекістан, Қырғызстан, Түркменстан және Тәжікстан), Ауғанстан және Үндістан. 

Бүгінде құрылыс жұмыстарының ішінен дайын өнім қоймасы үшін іргетасын салу жұмыстарының жартысынан астамы орындалды, сондай-ақ ғимараттың жоғарғы құрылысын салу басталуда. Алдағы аптада зауыт жұмыскерлері жер қазу жұмыстарына кіріседі, атап айтқанда, шыны өндірісінің басты желісі астына қазан шұңқырды бөлу жүргізілетін болады.

Барлық дайындық жұмыстары толық жүргізілді, соның ішінде 18 бірліктен тұратын арнайы техника әкелінді, вахталық қалашық жұмылдырылды, құрылыс алаңында арматуралық цех, металл құрылымдарын жинақтау бойынша стенд ұйымдастырылды, 10 күнге арналған тұрақты қоры бар инерттық материалдарды әкелу ұйымдастырылды. Құрылыста екі ауысымдық жұмыс тәртібі орнатылды. 

Қазіргі уақытта Қызылордаға әлемге танылған шыны зауытына арналған жабдықтың өнім жеткізушілері келді, олардың ішінде Lahti (Финляндия), TECO (АҚШ), еуропалық CRUD, Bottero (Италия). 

Америкалық әріптес - «Stewart Engineers» компаниясы зауытты іске қосудың алдында жарты жыл бұрын қазақстандық мамандарды АҚШ-қа «Stewart Engineers» компаниясының шыны кәсіпорындарына жіберу жөніндегі міндетті өзіне алғандығын атап өткен жөн.