Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жыл басынан бері Индустрияландыру картасы нысандары 1,3 трлн теңгенің өнімін шығарды – ҚР ИДМ

27 қыркүйек 2016, 17:13
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ИИДМБ жүзеге асырылғалы бері жалпы сомасы 7 трлн теңгенің өнімі өндірілді, деп мәлімдеді ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

«Индустриялық саясатты жүзеге асырудың нәтижесінде өңдеу секторы тұрақтанды және даму деңгейінде қалады. 2015 жылдың қортындысы бойынша өңдеу секторының өсімі 100,2% құрады. Аталмыш үрдіс биыл да сақталып, 8 айдағы көрсеткіш 100,7% құрап отыр. Индустрияландыру бағдарламасының негізгі басым салаларының арқасында өсім артты, оған қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі кіреді», - деді министр.

Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан кезден бастап енген жобалар жалпы сомасы 7 трлн теңгенің өнімін өндірген.

«Ал, 2016 жылдың 8 айында 1,3 трлн теңгенің өнімі шығарылған. Картаға енгізілген жобалар ай сайын 160 млрд теңгеден астам соманың өнімін өндірді. Биылғы 8 айда іске қосылған жобалар есебінен жалпы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 17,5% шығарылды», – деп мәлімдеді Ж.Қасымбек.

2010-2015 жылдары іске қосылған жобалар бойынша экспорттық өнім көлемі 1,5 трлн. теңгені құрады. Жобалардың 93% жеке бизнес есебінен жүзеге асырылса, жалпы сомасы 277 млрд теңге болатын 26 жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды.