Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының бойында кемпингтер мен автоқызметтік кешендер құрылысы басталды

07 қараша 2014, 20:54
Қызылорда облысы

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің Қызылорда облысы аумағынан өтетін бөлігінде жол бойында қызмет көрсету нысандарының, оның ішінде - қойма және автомобильге қызмет көрсету кешендері мен кемпингтер құрылысы басталды, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев. 

«Біз қазіргі кезде автожолды жабдықтау, жол бойындағы қызмет көрсету саласын дамыту бойынша қызу жұмыстар атқарып жатырмыз, бұл Президенттің тапсырмасы. 33 орынды белгіледік, онда жол бойы кешендерінің құрылысы басталды. Онда ірі автоқызметтік кешендер, жанармай құю стансалары, кемпингтер мен басқа да нысандар салынады. Бұл бизнестің әлі де болса қолға алынбаған түрлері», - деді Қ.Көшербаев.

Оның айтуынша, өңір арқылы өтетін Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық автомагистралінің құрылысы аяқталып қалды. 

«Бұл Қазақстан мен Ресейдің 10 өңіріндегі Қытайдан Санкт-Петербургке дейінгі ең үлкен жол бөлігі. Бізде 812 шақырым. Биылғы жылы негізгі жұмыстардың бәрін аяқтаймыз деп айта аламын», - деп басып айтты әкім.

Әкім атап өткендей, Қызылорда облысы арқылы өтетін жолмен жылына 30 млн тонна жүк тасымалдана бастайды, бұл өңірдің дамуына мультипликативтік әсер бермек.