Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстандық машина жасауда өндіріс көлемі ҮИИДМБ жоспарынан асып түсті - М.Пішембаев

01 қазан 2014, 21:49

Қазақстандық машина жасау өндіріс көлемінің өсуі бойынша ҮИИД МБ жоспарлаған көрсеткіштерден асып түсті, деп атап өтті бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушыларының одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев.

«Елдегі машина жасау саласы өнеркәсіптеріне 5 жыл толды. 2010-2014 жылдар аралығындағы ҮИИД МБ бойынша іске асыру көлемі белгілі бір жетістіктерге жеткізді. 2010 жылдан бері машина жасау саласының өнімдері тұрақты артып, тек саны ғана емес, сапа жағынан да алға ілгерілеушілік байқалады. 2009 жылы саладағы өнім көлемі 280 млрд теңге болса, ал 2015 жылғы мақсатты индикатор 588 млрд теңге көлемінде. 2013 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының өнімі 853 млрд теңгеге жетті, биыл аталмыш көрсеткіш 1 трлн теңгеге жетуі мүмкін», - дейді М.Пішембаев.

Оның айтуынша, соңғы уақыттары машина құрылысы саласы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып отыр. 

«Жаңа локомотив, тепловоз, вагон есебінен көлемдер өсуде, көлік жасау, газды машиналарды жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласы қарқынды өсуде. Осы орайда айта кетерлігі, көлем ғана емес, еңбек өнімділігі мен экспорт 4 есеге өсті», - деді ол.

Оның айтуынша, жалпы, отандық кәсіпкерліктер өздерін темір жол және мұнай-газ саласында машина жасау саласында жоғары сапалы қондырғыларды өндіруші ретінде қалыптастырды. Осы орайда «ҚазМұнайГаз» ҰК отандық өндірушілердің машина жасау өнімімен 70 пайыз қамтылған.