Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қызылорда облысында жыл соңына дейін 9 ірі инвестжоба енгізіледі

07 қараша 2014, 20:43
Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жыл соңына дейін 9 ірі инвестициялық жоба енгізіледі, деп хабарлады ОКҚ өткен брифингте өңір әкімі Қырымбек Көшербаев. 

«Ағымдағы жылдың соңына дейін желтоқсанда екі жоба - жем өндірісі мен мия тамырын өңдейдін фармацевтикалық кәсіпорын іске қосылады. Бұдан басқа, 2014 жылдың аяғына дейін жалпы құны 2,5 млрд теңге болатын жеті инвестициялық жобаны пайдалануға беру көзделген»,- деді Қ.Көшербаев. 

Оның айтуынша, ҮИИДМБ аясында Қызылорда облысында жалпы құны 185 млрд теңгенің 24 жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жылдың соңына дейін 560 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 3,8 млрд теңгеге 3 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде құрылыс барысында 3 мыңнан астам адам, пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасады.

ҮИИДМБ енгізілген 28 жобаның жалпы құны 78,5 млрд теңге болатын 15 жобасы 2010-2014 жылдар аралығында іске қосылды.