Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Маңғыстау облысы — Қазақстанның индустриялық дамуының қозғаушы күші

11 маусым 2018, 16:00
Фото: primeminister.kz

Биыл 8 маусымда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып қайтты. PrimeMinister.kz Президенттің технологиялық жаңғырту, цифрландыру, экономиканы әртараптандыру, мамандарды даярлау, қайта даярлау, еңбек ресурстарын басқару, бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру тұрғысынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы инфографика әзірледі.

2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірде оң даму қарқыны байқалады.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 96,9%-тен 100,1%-ке дейін өсті. Осы жылдың бес айында бұл көрсеткіш 100,5% жетті. 2018 жылы 35 жаңа индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған, олар қосымша 5693 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Аса ірі жобалар арасында тоқыма фабрикасы, газ–бу қондырғысы, Құрық ауылында қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр суды құрайтын теңіз суын тұщыландыру зауыты, «Емір Ойл» компаниясының мұнай және газ дайындау кешені бар.

«Бес әлеуметтік бастаманы» іске асыру аясында 2018 жылы Маңғыстау облысында 916 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осылайша тұрғын үйді берудің жыл сайынғы өсімі 10% құрайды, 2025 жылға қарай облыстың әрбір тұрғынына көрсеткіш 30 шаршы метрді құрайтын болады. «7–20–25» бағдарламасы бойынша облыстың әрбір тұрғынына 25 млн теңге көлемінде несие сомасы бекітілген.

Студенттерді үй-жаймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2600 орынға 6 жатақхана салынады. Бүгінде жер телімдері бөлінген.

Маңғыстау облысында аймақтағы ірі кәсіпорындардың технологиялық жаңғырту және цифрландыру жұмыстарына аса мән берілуде. Мемлекет басшысы бекіткен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында кәсіпорындардың Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге әзірлігі бағаланып, жүйелі кедергілер айқындалды. Жүйе құрушы кәсіпорындарды цифрландыру бойынша нақты жобаларды іске асыруға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін барлығы 146 млрд теңге сомасына 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Іске асырудан экономикалық тиімділік 2025 жылға дейін 280 млрд теңге деңгейінде күтіліп отыр. Цифрландырудың арқасында барлық лицензиялар мен рұқсатнамалар электронды форматта рәсімделеді, сонымен қатар азаматтарға 40 млн жуық анықтаманы ұсыну қажеттілігі жойылады. Осылайша, мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қажетті ақпарат автоматты режимде көрсетіледі.

Жаңаөзен моноқаласы облыс халқының 22,4% тұратын (01.05.18 жылы – 149,1 мың адам), анықтау критерийлері бойынша дамытудың орташа әлеуеті бар қалаға жатады. Сонымен қатар, негізгі макрокөрсеткіштер бойынша облыспен салыстырғанда Жаңаөзен қаласының кішкене үлес салмағы байқалады.

Қаланың маңыздылығын ескере отырып, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012–2020 арналған кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. 2017 жылы оны іске асыруға 1,3 млрд тг астам бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 103 млн теңге, жергілікті бюджеттен — 1 млрд теңге және басқа қаржы көздерінен— 200 млн теңге.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз