Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Индустриалдық-инновациялық дамуының 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары

26 наурыз 2019, 19:21

ҚР ИИДМ мәліметінше, бағдарлама іске асырылған 4 жыл ішінде (2015-2018 жж.) 4,9 трлн теңгеге жуық сомаға 480 жоба пайдалануға берілген, 44 мың тұрақты жұмыс орны құрылған.

Есептік кезеңде бағдарламаның барлық мақсатты индикаторлары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.

ЖІӨ құрылымынжа өңдеу өнеркәсібінің үлесі есептік кезеңде 10,1%-дан 11,6%-ға дейін артты, салада жұмыспен қамтылғандар үлесі 6,6%-дан 6,9%-ға дейін ұлғайды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп 4,1%-ға артты. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 4%-ға озық өсімінің есебінен мүмкін болды.

Өсімнің негізгі драйверлері — машина жасау (+14,1%), химия өнеркәсібі (+8,1%), мұнай өңдеу (+8,8%), жеңіл өнеркәсіп (+4,4%) және металлургия (+2,2%) салалары.

Еске салайық, ИИД МБ өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және әртараптандыруды ынталандыруға бағытталған.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • өңдеу өнеркәсібінің озық дамуы;

  • басымдықты секторларда қосылған құнды ұлғайту және тиімділігін арттыру;

  • шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;

  • нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру;

  • өңдеу өнеркәсібінің технологиялық басымдықты секторларын жаңа деңгейге көтеру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақ секторларын дамыту үшін негіз құру;   

  • өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру.