Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті дамыту

02 сәуір 2019, 21:55
Фото: primeminister.kz

Фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздік — еліміздің стратегиялық азық-түлік қауіпсіздігі құрылымының элементтері. 2 сәуірде Үкіметтің кезекті отырысында фитосанитария және ветеринария қауіпсіздігі мәселелері қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен жылы Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) тәуелсіз шетелдік сарапшылар миссиясының қорытындысы бойынша 2011–2017 жылдардағы Қазақстанның ветеринариялық қызметін жаңғырту нәтижелерін жоғары бағалады. Бағаланған 47 позицияның 14-і бойынша Қазақстан өз позициясын жақсартты, 30-ы бойынша жоғары бағасын сақтап қалды, 3-уі бойынша жақсарту жөнінде ұсыныстар берілді.

ХЭБ ұсынымдарына сәйкес бруцеллезге қарсы күрес стратегиясы қайта қаралды, жоғары патогенді құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына өзгерістер енгізілді. Сібір жарасы бойынша жыл сайын 100% қамти отырып, сезімтал жануарларға алдын ала вакцинациялау жүргізіледі.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз