Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

КО елдерінде 2014 жылдың 7 айында өндіріс көлемінің артуы 2,2%-ды құрады

08 қыркүйек 2014, 17:50

Кедендік Одақ (КО) елдерінде 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде өңдеуші өнеркәсіп салаларының өндірісі көлемінің 2,2%-ға өсімі байқалған. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ресми сайтында айтылған.  

«Евразиялық экономикалық комиссия өндірістік саясат департаменті өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша соңғы айларда өндірістің дамуы жеделдетілгені анықталды. Өсудің көшбасшылары машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, қағаз өндірісі, баспа қызметі болып анықталды. Жалпы, өңдеу өнеркәсібінің өсу көлемі 102,2 пайызды құрады.», - делінген сайтта.

ЕЭК өндіріс саясаты департаментінің директоры Владимир Мальцевтің айтуынша, КО мен БЭК өңдеу өнеркәсібі тікелей интеграциялық үрдістермен байланысты.