Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы энергетика және АӨК-дегі ынтымақтастық мәселелерін К.Мәсімов пен А.Атамбаев талқылады

08 қараша 2014, 00:45

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елімізге мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

Әңгіме барысында Қазақстан-Қырғыз сауда-экономикалық өзара іс-әрекеті мәселелерінің кең ауқымы қаралды. Атап айтқанда, энергетикалық сала, агроөнеркәсіптік кешен, қаржы-инвестициялық сфера, экономиканың басқа да салаларындағы екі жақты ынтымақтастық жағдайы мен перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы қарым-қатынасты дамытудың серпінді сипатын атап өтіп, Қазақстан мен Қырғызстанның іскерлік серіктестігін одан әрі тереңдету жайлы айтты.