Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Кәрім Мәсімов қазақстандық балуан Темірлан Шадукаевты әлем чемпионы атағымен құттықтады

31 тамыз 2016, 16:40
Фото: ng.kz

Құттықтауды ҚР Премьер-Министрі Twitter-дегі жеке аккаунтында жариялады.

Темірлан Шадукаев 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағына ие болды. Оның ақтық сындағы қарсыласы Румынияның балуаны Георгий Влад Мариэ болды. Шадукаев 6:1 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті.

Күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Франциядағы Макон қаласында өтті.