Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан мен Қытай кинематография саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті – ҚР МСМ

01 маусым 2016, 06:00

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және China Film Group Corporation президенті Цзяо Хунфэн кино өндіру саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚР МСМ.

Тараптар айтып өткендей, Қазақстан мен Қытай бірігіп кино өндірісін жасауда тығыз байланыс орнатпақ.

Кино саласында ірі қытайлық корпорациясының басшысын қошеметтей келе, ҚР мәдениет және спорт министрі Аспан асты елінен келген әріптесімен ынтымақтастық жасау аса маңызды екендігін айтып өтті.

«Сіздің келуіңіз - Қазақстан мен Қытай арасындағы кино өндірісі саласы бойынша іскерлік қарым-қатынасты дамытудың жақсы мүмкіндігі. Қытайлық аудитория шамамен 800 млн-нан астам көрермен. Сол себепті сіздірдің кино өндіріс нарықтарынызға шығу, қазақстандық киномотографтар үшін үлкен перспектива»,-деді қазақстандық ведомствоның басшысы.

Сонымен қатар, қытайлық синостудия мен дистрибьютерлерді қазақстандық кино нарықта өзекті ынтымақтасыға шақырды.

«Қазақстан өткен жылы ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болды және біз өзара тиімді жобаларға қызығушылық танытудамыз»,-деді ол.

Цзяо Хунфэн Қазақстанның мәдениет және спорт министріне қонақжайлылығы мен екіжақты ынтымақтастыққа дайындықтары үшін алғысын білдірді.

«China Film Group Corporation» делегациясы сіздердің елдерінізге осындай жақын іскерлік қатынастар орнатуға алғаш келіп отыр. Болашақта осындай сапарлар қазақстандық-қытайлық достықты нығайта түседі деген сенімдемін», - деді Қытай өкілі.

Сонымен қатар, ол қазақстандық кинематогрофияға өзінің таңданысын білдірді.

Сондай-ақ, қытайлық қонақ Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музей мен Астана қаласындағы Ұлттық музейдегі саяхат барысында қазақстандық мәдениет мен тарихтың байлығы тамсандырды.

Ведомствода хабарлағандай, А.Мұхамедиұлы мен Ц.Хунфэннің негізгі талқылаған тақырыбы ұлы композитор Си Син Хая өмірі туралы «Кинокомпозитор» киножобасының түсірілімі болды.

Кездесудің қорытындысында қатысушылар бірлесіп жасайтын кино өндіріс бойынша үкімет аралық келісімге қол қоюды жеделдетуге келісті. Аталмыш құжат екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізді.