Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанның киноиндустриясын дамыту тұжырымдамасы 2016 жылы әзірленеді - ҚР МСМ

20 мамыр 2016, 22:33

Қазақстанның киноиндустриясын дамыту тұжырымдамасы биыл әзірленеді, деп хабарлайды Қоғамдық кеңестің алдындағы есептік кездесу барысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Отандық кинематографияны одан әрі дамыту үшін биыл жеке Қазақстан киноиндустриясын дамыту Тұжырымдамасы дайындалады», - деді А.Мұхамедиұлы. 

Сонымен қатар, Қазақстанда «Кино туралы» жеке заңды әзірлеу мәселесі талқылану үстінде екені айтылды. Аталмыш заң ұлттық кино өндірісін қолдауға және саланың даму басымдығын айқындайтын болады.

А.Мұхамедиұлы айтып өткендей, Ұлттық кинематограф бүгін еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұрасын, тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғаларын насихаттауды бағдарлады. 

«Жоғары көркем, патриоттық картиналарды құру арқылы қазақстандық көрермендерді жаулап алатын тәжірибеміз бар. Олар – «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы, «Анаға апарар жол» фильмі», - деді ол.

Сонымен қатар, ведомство басшысы қазақстандық киноларды насихаттау кинофестивальдарды ұйымдастыру мен оған қатысуды анықтайтынын атап өтті.