Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

А. Мырзахметов пен М. Бродский Қазақстан мен Израильдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын талқылады

29 қараша 2016, 18:19
Фото: mgov.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаэль Бродскиймен кездесті.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша маңызды сұрақтарды талқылады.

Кездесу барысында қазақстандық тарап ғылым саласына жаңа тұқым сұрыптарын еңгізу және Израль мен Қазақстан мемлекеттерінің аграрлық ғылыми-зерттеу институттары арасында байланыс орнату бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді.

Ынтымақтастық аясында «Үшқоңыр» білім  беру орталығы базасында 2015 жылы тамшылатып суаратын демонстрациялық алаңның ашылуы болып өтті. Алаңның мақсаты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тамшылатып суару технологияларын тәжірибеде қолдануды оқыту және кеңес беру болып табылады.

Еске салсақ, 2015 жылы Қазақстан және Израиль арасындағы тауар айналымы 6 236,5 мың долларды құрады. Қазақстан Израильге кептірілген балықты жеткізуші болса, Израиль Қазақстанға гүл жеткізуші болып отыр.

А. Мырзахметов пен М. Бродский Қазақстан мен Израильдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын талқылады
1/1