Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б.Сағынтаев пен М.Варга Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

17 қазан 2016, 20:07
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мажарстанның экономика министрі Михай Варгамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, мұнай-газ және ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көлік, құрылыс, атом және автокөлік өнеркәсібі, туризм, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективалары талқыланды.