Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан мен Австрия екі елдің машина құрастыру саласының экспорттық мүмкіндіктерін арттырады

17 қазан 2016, 20:37
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Бүгін Линц қаласында (Австрия) Жоғарғы Австрияның Hessen Platz экономикалық палатасында тең төрағалар Мейрам Пішембаев пен Рихард Шенцтің қатысуымен Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесі өтіп жатыр.

Отырысқа машина жасау, тамақ өнеркәсібі, мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қаржы және инвестициялар, туризм және т.б. салалардағы қазақстандық және австриялық компаниялардың өкілдері қатысуда.

Отырыс барысында тараптар екі елдің инвестициялық ахуалы туралы мәлімет беріп, ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндіктерін талқылайды.

Сапар шеңберінде қазақстандық бизнес делегация австриялық бизнестің экспорттық мүмкіндіктерінің көрмесіне қатысады. Онда біздің делегация қазақстандық индустрия мен қазақстандық экспорт мүмкіндіктерінің халықаралық қызметі туралы ақпарат береді: электротехникалық, мұнай-газ және машина құрастырудың өзге де өнімдері.

Кездесу барысында екі елдің іскерлері ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды: салық салу, визалық қолдау және т.б.

Қазақстандық компаниялар келесі бағыттарда жұмыс істеуді ұсынды:

- баламалы энергетика, трансформаторларды ортақ өндіру және экспорттау, «Alageum Electric» АҚ – AVL, VA Intertrading AG.

- мұнай-газ жабдығы, «Қазақауылмаш Корпорациясы» ЖШС– SONNEK;

- аппараттық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар, Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы – S&T AG, Fabasoft AG;

- ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, «МАШЗАУЫТ №1» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ–PÖTTINGER$;

- жаңа материалдар, «Алматылық бояулар» ЖШС - Rembrandtin;

- компрессорлық жабдық, «Казкомпрессормаш» ЖШС– LMF.

Сондай-ақ, Іскерлік кеңес отырысында Жоғарғы Австрия Федералды жері мен ҚР Павлодар облысы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.