Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Катардың Орталық банкі төрағасымен банк саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

31 тамыз 2016, 20:14
Астана
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Бұл туралы Кәрім Мәсімов өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

 

Кездесу Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар Мемлекетіне өткен жылғы сапары барысында қол қойылған келісімдердегі уағдаластықтарды орындау аясында өтті.

Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерімен қатар, жоғары деңгейдегі сапар барысында банк және инвестициялық салалар сынды екі жақты маңызды қарым-қатынастар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.

Атап айтқанда, ҚР Ұлттық банкі және КМ Орталық банкі, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі және Катар қаржы орталығы арасында меморандумдарға қол қойылды.  

ҚР Премьер-Министрінің Катардың Орталық банкі төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Аль-Танимен кездесуі барысында банк саласындағы, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.