Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды

19 қазан 2016, 13:06
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ЕЭК Кеңесінің жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды.

Бұдан өзге, «Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты сұрақтар талқыланды: «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру Тұжырымдамасын дайындау туралы, Байқоңыр қаласының статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы және т.б.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы барлық спектр бойынша ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.

Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды
1/1
Асқар Маминнің РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесуі