Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

1 қыркүйекте 2,8 миллионнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттады

01 қыркүйек 2016, 16:20
Фото: МОН РК

Бірінші сыныптарға баратын оқушылардың саны 370 мыңнан асты.

Жергілікті атқарушы органдардың берген ақпараты бойынша, жаңа оқу жылының басында орта білім мекемелерінің желісі 7126 мектептен құралады.

Ағымдағы жылы 92 мектепті іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 1 қыркүйекке дейін 60 мектепті іске қосу жоспарланып отыр. Іске қосылатын 92 мектептің 31-і үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін шешу үшін, 29 – апатты мектептердің орнына, 14 – оқушы орнының тапшылығын жою үшін, 13 – ыңғайластырылған мектептердің орнына, 5 – мектептер жоқ елді мекендерде салынды.

Жаңа оқу жылының басына дейін оқулықтар толық жеткізілді.

Республикада 325 мыңнан астам педагог бар, олардың 291 мыңнан астамы – мұғалімдер. Бүгінгі таңда мектепке 6 429 жас маман келді.

Мектептері жоқ 1530 ауылдарда тұратын 29 914 оқушыны оқу орындарына дейін тасымалдап жеткізу қажет. Ондай елді мекендерде тұратын 28 578 (95,5%) оқушы мектептерге жеткізілмек, олардың 4299-ы интернаттарда оқиды. 1336 (4,5%) оқушыға тасымал жасалмайды. Оқушыларды тасымалдау үшін 895 техника жұмылдырылған.

6063 (85.5%) мектепте ыстық тамақпен 2 397 680 (92.5%) оқушы қамтамасыз етіліп отыр. 264 546 оқушы тегін тамақтандырылмақ.

«Мектепке жол» акциясы биылғы жыл 9-шы рет өткізілді. Көмекке зәру 280 мың баланың оқу жылына дайындығына көмек көрсетілді.