Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде

09 қазан 2018, 13:47
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева білім берудің жаңартылған мазмұны, психологтардың жұмысы және үш ауысымды мектептер санын азайту туралы айтып берді.  

Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауында «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екенін атап өтті. Вице-министрдің мәлімдеунше, НЗМ тәжірибесін басқа мектептерге тарату 2016 жылы басталған. Орта білім берудің барлық жүйесі жаңартылған мазмұнға көшірілді.

«Кезең-кезеңмен көшіріліп жатыр, осыған дейін 1, 2, 5 және 7 сыныптар ауысса, енді 3, 6 және 8 сыныптар көшті. 2021 жылға дейін білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен көшу толықтай аяқталады. Формат толықтай қайта қаралған: мұғалімдер оқытылды, бағалаудың жаңа критерийлік жүйесі енгізілді», — деді Э. Суханбердиева.

Сондай-ақ, білім беру вице-министрі мектеп психологтары мәселесін шешудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде олардың саны 7 мыңнан асады.

«Бізде мектеп психологтарының мәселесін шешетін жеке топ құрылады. Бұл өте салмақты мәселе. Психологтардың жүктемесі ауыр. Нормативтер бойынша бізде бір психологқа тұтас бір сыныптан келеді, бұл дұрыс емес. Бүгінде біз нормативтерді қайта қарауды бастадық», — деді Э. Суханбердиева.

Вице-министр Алматыда бір психологқа 708 оқушыдан келетінін, ал Астанада бұл көрсеткіш 1200 оқушыны құрайтынын айтты.

«Қазіргі таңда біз курстарды ұйымдастыру үшін қаражат бөліп жатырмыз, шетелдік сарапшыларды тартып, педагогтерді дұрыс әрі сауатты оқытуға үлкен бағдарлама дайындаймыз, осылайша мектептерде жақсы психологиялық ахуал орнауына жағдай жасаймыз», — деді Э. Суханбердиева.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған  өңірлер үшін Үкіметке 2019–2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.

Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова үш ауысымды мектептер мәселері 7-10 жыл ішінде шешілетінін айтты.

«Республикалық бюджетте құрылыс үшін айтарлықтай қаражат бөлінеді, алайда демографиялық өсім мен ірі агломерациялардың дамуы есебінен үш ауысымдағы мектептер мәселесі, әсіресе қалалық жерлерде сақталып отыр», — деді Б. Асылова.

Оның айтуынша, Алматы облысында үш ауысымдағы мектептердің саны салыстырмалы түрде көп. Үш жылдық кезеңге бөлінген қаражат аясында Алматы облысында 2 мектеп салу жоспарланып отыр.

ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде
1/7
ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде
2/7
ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде
3/7
ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде
4/7
ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде
5/7
ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде
6/7
ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде
7/7