Кеңес барысында жаңа формацияның жұмысшы мамандарын даярлау мәселелері талқыланды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің алдыңғы қатарлы колледждер негізінде біліктілік орталықтары жұмысының оң тәжірибесінің таратылымы жөніндегі тәсілдері қаралды. Атап айтқанда, сұранысқа ие дағдылар мен жаңа педагогикалық технологияларға оқыту, материалдық-техникалық базаны дамыту, оқытушылардың біліктілігін арттыру және т.б. Қазіргі таңда Қазақстанда тау-кен өндірісі, тау-кен және металлургия, құрылыс және аграрлық салалар бойынша 8 біліктілік орталығы жұмыс істей бастады.
Мәселелерді талқылауға «Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы, Қазақстан бойынша «Еуропа қайта құру және даму банкінің» басшысы А. Прейманис және Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері: «Еуразиялық топ» ЖШС қызметкерлер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары И. Губарева, «ТМК-Казтрубпром» ЖШС бас директоры В. Колесников, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры В. Басин, «Полиметалл Еуразия» ЖШС қызметкерлермен жұмыс жөніндегі дирекция директоры Қ. Толыспаев, «EY» Астана қ. бөлімшесінің басшысы және қызметкерлерді басқару мәселелері жөнінде кеңес беру бөлімінің аға менеджері Д. Деминов, ҚР-дағы «РУСАЛ» өкілдігінің директоры В. Смирнов, «PwC» мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі аға маманы Ю. Ерлыкина қатысты.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз