Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жыл соңына дейін 72 жаңа мектеп пайдалануға беріледі — ҚР БҒМ

22 тамыз 2018, 13:35
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

Вице-министр атап өткендей, аталған мәселе бір сәтте шешіле алмайтын мәселелердің бірі. Еліміздегі кейбір мектептерде орын болмауының себептері демографиялық және миграциялық жағдайлар болып отыр. Жыл сайын еліміздің мегаполистеріне халықтық көптеп ағылуы байқалуда. Мысалы, 2017 ж. Астанаға тек 17 мыңнан астам бала келген. Яғни, бұл Астанада өткен жыл үшін кемінде қосымша 15 мектеп салу керек дегенді білдіреді.

«Біз мектептер салып жатырмыз. Тек биылдың өзінде республикалық бюджет есебінен 110 мектеп салынып жатыр. Жыл соңына дейін 72 жаңа мектепті пайдалануға береміз деп көздеп отырмыз», — деді А. Аймағамбетов.

Жыл сайын елімізде республикалық бюджет есебінен 100-200 мектептің салынатынына қарамастан, мәселе толыққанды шешілмей отыр. Қазақстанда әлі күнге дейін 127 үш ауысымдық, 44 апатты мектеп бар. Осыған байланысты жан басына қаржыландыру енгізілетін болады.

«Жан басына шаққанда қаржыландыру жеке секторды жаңа мектептер салып, ашуға ынталандыратын болады. Бүгінде пилот басталып жатыр. Біз жекеменшік мектептердің ашылып жатқанын көріп отырмыз», — деді вице-министр.

Оның негізіне Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерді салудың оң тәжірибесіне алынды. 

«Бірнеше жыл бұрын мектепке дейінгі біліммен қамту елімізде небәрі 60% еді, қазір – 93%. Бұған жеке секторды тарту есебінен қол жеткізілді. Мемлекет басшысы "Балапан" бағдарламасына бастама білдірді. МЖӘ-мен жұмыс жанданды. Осы 7 ай ішінде енгізілген 40 мың орынның 30 мыңы жеке компаниялардікі», — деді вице-министр.

Сонымен қатар А. Аймағамбетов жекеменшік мектептерде мемлекет мемлекеттік тапсырысты орналастыратынын айтты. Вице-министрдің айтуынша, ата-аналар айырмасын байқамайды. Себебі тегін орта білім алу қамтамасыз етілетін болады.

А. Аймағамбетов бүгінгі таңда еліміз бойынша мұғалімдер санының жеткілікті екенін айтып өтті. Педагогтарды даярлау сапасына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір еліміздегі ұстаздар саны – 285 мың адам. Жыл сайын университеттерде 35 мың адам педагог мамандығын алып шығады. 2018 ж. мемлекеттік грантпен оқытылған 6 мың болашақ мұғалімдер бітірді.

Жыл соңына дейін 72 жаңа мектеп пайдалануға беріледі — ҚР БҒМ
1/5
Жыл соңына дейін 72 жаңа мектеп пайдалануға беріледі — ҚР БҒМ
2/5
Жыл соңына дейін 72 жаңа мектеп пайдалануға беріледі — ҚР БҒМ
3/5
Жыл соңына дейін 72 жаңа мектеп пайдалануға беріледі — ҚР БҒМ
4/5
Жыл соңына дейін 72 жаңа мектеп пайдалануға беріледі — ҚР БҒМ
5/5