Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Е.Сағадиев: Апатты және үш ауысымды мектептерді жою үшін 20 білім беру нысанын салу қажет болады

27 қыркүйек 2016, 10:38

2018 жылдың соңына қарай үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі шешіледі, деп мәлімдеді ҚР Үкіметі отырысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

«Бүгінде республика бойынша 156 апатты мектеп бар. Аталған мәселені 2018 жылдың соңына дейін толығымен шешу көзделген. Ондай мектептердің басым бөлігі Алматы мен Оңтүстік Қазақтан облыстарында орналасқан. 2015 жылы 6 мектеп салынса, биыл 51 мектеп бой көтерді. Келесі жылы 99 мектеп салынады деп жоспарланған»,- деді Е. Сағадиев.

Ол айтып өткендей, урбанизацияға байланысты республикамыздың қалаларында кем дегенде 20 мектеп салу керек.

«Балалардың саны артып, урбанизация жүзеге асуда, меніңше, мектептерді қалаларда салу керек. Министрлік кем дегенде 20 мектеп салуы керек», - деді министр.

Бюджеттік қаржыға  мониторинг жүргізу бойынша  3 млрд теңге игерілмей қалғаны мәлім болды.

«Биыл қосымша 14 мектептің құрылысына бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен, биыл 68 нысанды бітіріп, 14 мектептің құрылысын бастау қажет. Бүгінде үш облыста 8 нысан салу мерзімі кешіктіріліп  жатыр. Атырау қаласындағы «Нұрсая», Бірлік ауылындағы балабақша, Мақат аудандық Досор орта мектебі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша үш нысан: Риддер қаласындағы Мичурин балабақшасы, Тарбағатай ауданы Жетіарал мектебі және Тарбағатай ауданы Ақжар мектебі. Астана қаласы бойынша екі нысан. Олар - 17 мектеп-гимназиясы мен 22 мектептің қосымша құрылысы. Осыған байланысты, аталған нысандарды уақытында аяқтап, пайдалануға беру туралы тапсырманы беруді сұраймын»,  - деді Е. Сағадиев.