Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Әлемнің жетекші университеттерінің тәжірибесі шетелдіктерді қазақстандық ЖОО-да оқыту кезінде қолданылады - Т.Балықбаев

02 қазан 2014, 21:58

Шетелдік студенттерге қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуға гранттар ұсыну кезінде әлемнің жетекші ЖОО-ның озық тәжриібесі қолданылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев ҚР Парламенті Мәжілісінде білім беру ұйымдары автономиясы мәселелрі бойынша заң жобасын таныстыру барысында. 

«Жетекші университеттер мен басқа да халықаралық институттар аса дарынды балалар үшін арнайы гранттар ұсынады, өйткені олар болашақта ғалымдарға айналып, осы университетте, осы ел үшін еңбек етеді», - деді Т.Балықбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық ЖОО-да шетелдік дарынды студенттерді оқыту үшін гранттар ұсынылады.  

ЖОО-ын аяқтаған соң олар Қазақстанда жұмыс жасайды деп болжануда.