Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда 2,5 мыңнан астам адам кепілдік оқу несиелерінің иегері атанды

26 шілде 2013, 15:13

Бүгінгі таңда оқу несиесін алған студенттер саны 2 757 адамға жетті, несиелеу көлемі шамамен 1,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлады ҚР БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ Забира Оразалиева.

"Оқу несиелерін кепілдеу бағдарламасы бойынша 25.07.2013 жағдай бойынша оқу несиесін алған студенттер саны 2 757 адамды құрады, несиелеу көлемі 1,4 млрд. теңге, кепілдік саны 5 678" , - деді З.Оразалиева.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда кепілдіктердің көбісі Алматы 24 %, Астана 17%, Қызылорда 14 % қалаларында берілген.

"Оқу грантының иегері атана алмаған талапкерлер немесе оқу барысында қаражат тапшылығы проблемасына ұшыраған студенттер өз оқуының ақысын төлеу үшін мемлекеттің кепілдігімен оқу несиесін пайдалана алады. Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығының кепілдігімен оқу несиелерін беретін 4 банк серіктесіміз болып табылады", - деді З. Оразалиева.

Сонымен қатар, ол кепілдеме ізденушінің үлгерім деңгейіне байланысты болатынын атап өтті. Осылайша, үлгерім неғұрлым жоғары болған сайын орталықтың кепілдігі соғұрлым жоғары болады. 

Бүгінгі таңда оқу несиелерін екінші деңгейлі банктер әр түрлі шарттармен 9%-дан бастап 17 жылға дейінгі мерзімге ұсынады.

Айта кету керек, несиелер кепіл талап етпейді, оң шешім қабылданған жағдайда Қаржы орталығы банкке кепілдік міндеттеме ұсынады, соның негізінде несиені жоғары оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.