Ведомствода мәлімдегендей, зертхана ИИДМБ-2 шеңберінде Павлодар мұнайхимия зауытымен бірлесіп құрылған, ол МЖӘ аясында мұнайхимия бағытындағы зертханалар мен дәрісханаларда күрделі жөндеу жүргізді, сондай-ақ жаңадан 11 зертханалық құрылғы алды.
Е. Сағадиев университет қабырғасында ашылған өңірлік стартап академиясының жұмысына куә болды. Академия директоры Арнагүл Бүркіт оқу ордасының кәсіпкерлік университет ретінде трендтермен таныстырды. Стартапшылар өздерінің бизнес-модельдерін ұсынды. Олар Павлодар мемлекеттік университеті командасы Торонто қаласында (Канада) өтетін әлемдік Enactus 2016 кубогында Қазақстан намысын қорғайтыны туралы айтты.
Сонымен қатар, министр Павлодар мемлекеттік университетінің электрэнергетика және IT-технология салаларындағы инновациялық жобаларымен танысты, сосын Павлодар облысының ұстаздарымен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы үш тілде білім беру болды.
«Министрліктің жоспарында үш-төрт жылдың ішінде мемлекеттік тілді білмейтін 500 мыңға жуық баланың тіл игеруіне жағдай жасау», - деп мәлімдеді министрлік.
Сондай-ақ, еліміздің әр мектебінде жүзеге асатын жаңалықтар таныстырылды. Бұл – «Күнделік» электронды күнделігі. Ол мұғалімдерді қағазбастылықтан босатып, ата-аналардың балалардың бағаларына қолжетімділігін жеңілдетуге арналған. Және емтихандарға дайындалуына көмекші құрал болатын «Bilim Land.kz» интернет порталы таныстырылды.