Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

10 мамыр 2018, 09:04
Астана
Фото: primeminister.kz

Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығын мерекелеуге байланысты «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.

 

Салтанатты рәсімге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, мемлекеттік қайраткерлер және елорда жұртшылығы қатысты.

 

 

ҚР Ұлттық гвардиясының оркестрі орындаған салтанатты мерекелік музыканың сүйемелдеуімен Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, кейін бір минут үнсіздік жарияланды. Соғыс ардагерлері жиналған қауыммен жеңіске жету жолындағы тарихтарымен бөлісті. 

 

 

«Біз Кенигсбергке жеткенде жеңіс туралы хабар алдық. Халқымыз соғыстың барлық ауыртпалығына қарамастан, жеңіске жетті. Біз өз жұмысымызды атқардық, ал сіздер Отанымызды және достығымызды нығайтыңыздар. Бұл халықтардың ұлы достығы еді. Сіздердің міндеттеріңіз – осы біртұтастықтың ешқашан бөлінбеуін қамтамасыз ету», — деді Мәскеуден келген ҰОС ардагері Петр Соломатин.

 

 

«Өзім Балтық жағалауынанмын. Бурят-Моңғолияда, артиллериялық әскерде қызмет еттім. Мен соғысқа жіберілген кезде 17 жаста болдым. Жас болдық, ештеңеден қорықпадық. Соғыс біз үшін үлкендерге қарағанда жеңілірек болды. Сол жылдардан бергі есте жақсы қалған сәт – бұл жеңіс туралы жариялаған кез. Қазақстанға 1956 жылы қызмет бабымен келіп, осында қалдым. Балаларым, немерелерім мен шөберелерім де осында. Қазақ құдам бар. Арамызда еврейлер, украиндар бар», — деді ҰОС ардагері Юнас Стасюнас.

Салтанатты рәсімге Мәскеу қалалық ардагерлер кеңесінің делегаттары да қатысты. Олар Қазақстандағы мереке күндерінде арнайы қазақстандық жауынгерлердің өшпес ерлігіне тағзым ету үшін келген.


«Сол жылдары біртұтас Кеңес Одағы болды, барлығы – орыстар, қазақтар, түркімендер және басқалар иін тіресе шайқасты. Бұл жеңісте қанша адамның қаны төгілді. Қуанышпен қатар, көптеген адамдардың қаза тапқанымен байланысты күйініш те бар. Біздің сапарымыздың мақсаты – Қазақстанның ардагерлер ұйымымен тығыз достық қарым-қатынас орнату. Барлық қазақстандықтарды жеңіс күнімен құттықтай отырып, жас ел ордасы – Астананы одан әрі дамыту жолында сәттілік тілейміз», — деді Мәскеу қалалық ардагерлер кеңесінің халықаралық комиссиясы төрағасының орынбасары Виталий Мешик.

 

 

Бүгін «Отан қорғаушылар» монументінің маңында бастарына әскери береттер мен пилоткалар киген, кеуделерінде жеңіс лентасы бар жүздеген балалар мен жасөспірімдер жүрді. Оларды мектеп мұғалімдері немесе тәрбиешілер емес, ата-аналары, әжелері мен аталары алып келді. Ортақ мақсат — соғыс туралы, кеңес жауынгерлерінің айбынды ерліктері туралы айту.

 

 

«Бұл мереке біздің қаза тапқан аталарымыз бен әкелеріміз туралы естелік. Мен мұнда немерелеріме ата-бабаларымыздың қалай күресіп, қан төккенін, Ұлы Жеңіске қалай қол жеткізгенін көрсету үшін, дәстүрді жалғастырып, жеткізуге келдім. Тәрбие деген осы. Менің туған ағам Ұлы Отан соғысында қаза тапты, өзім Ауғанстандағы соғысқа қатысқанмын. Әскери-көлік авиациясының ұшқышы болып жұмыс істедім», — деді Сәбит Есенғожанов.

 

 

«Жауынгерлеріміздің Отан үшін, біздің бейбіт өміріміз үшін өмірлерін қиғанын білемін. Соғыс кезінде көп адам қаза тапты. Батыл ерліктері үшін алғыс айтамыз», — деді оның немересі Данияр Есенғожанов.


Монумент аумағында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік дастархандар жайылған әскери шатырлар қалашағы құрылды. «Отан қорғаушылар» монументіндегі «Желкен» сахнасында Астана мемлекеттік академиялық филармониясының және М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері өнер көрсетті. Мереке шаралары Студенттік саябақта концерттік бағдарламамен жалғасты, онда елорданың жетекші шығармашылық ұжымдары соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

 

 

«Отан қорғаушылар» монументі — Қазақстандағы ең әдемі ескерткіштер қатарына жатады. Төртбұрышты көтерілген гранит құймасында әйел бейнесімен қола стела орналасқан. Монументтегі тостаған ұстаған әйел бейнесі — бейбітшілік пен өркендеудің негізгі символы. Монументтің екі жағында Ұлы Отан соғысындағы кеңес жауынгерлері мен жоңғарларды қырып жатқан қазақ батырлары бейнеленген.


Анықтама: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша бүгінгі таңда елімізде Ұлы Отан соғысының 2067 қатысушысы мен мүгедегі, оларға теңестірілген 39 723 адам, ҰОС қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы 166 700 адам тұрады.

 

Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
1/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
2/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
3/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
4/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
5/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
6/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
7/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
8/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
9/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
10/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
11/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
12/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
13/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
14/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
15/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
16/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
17/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
18/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
19/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
20/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
21/22
Бейбіт өмірге 73 жыл: қазақстандықтар Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
22/22