Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ФОТОРЕПОРТАЖ

Білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ және өнеркәсіп:
Б. Сағынтаев Солтүстік Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

2018 жылғы 3 қыркүйек
Фоторепортаж

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: Б. Сағынтаев СҚО-да білім беру мен денсаулық сақтау сапасының артуымен танысты

03.09.2018
Дүйсенбі күні, 3 қыркүйекте, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып қайтты. Сапардың басты мақсаттарының бірі Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасын», сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру тұрғысынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысу болды.
Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев өңірде білім беру, денсаулық сақтау сапасын арттыру, тұрғын үй мәселелерін шешу, сондай-ақ индустриялық даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Видеодайджест
Петропавлға келгеннен кейін Премьер-Министр білім беру жүйесінің бірқатар нысанында болды. Атап айтқанда, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және жаңадан салынып жатқан Оқушылар сарайы.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры С. Өмірбаев бүгінгі таңда ЖОО-да 5531 студент білім алып жатқанын, оларға арналған төрт жатақхана бар екенін айтты.
Өңірде студент жастарға қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. СҚО әкімдігінің деректеріне сәйкес, 2018 жылы өңірде білім беру жүйесін қаржыландыруға 55,3 млрд тг қарастырылған. Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 31,2 млрд тг игерілген. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Премьер-Министр университет аумағында студенттер жатақханасының бір корпусының жағдайымен танысты.
Бұдан әрі Бақытжан Сағынтаев орта білім беру жүйесін дамыту барысымен танысты. Салынып жатқан Оқушылар сарайы тексерілді: ол өңірдегі ақпараттық технологиялар орталығына айналуы тиіс.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Федяевтің айтуынша, мұнда көптеген танымдық үйірмелер мен ойын-сауық орындарын ұйымдастыру жоспарда бар. Соның ішінде, киберқауіпсіздік және виртуалды шынайылық кабинеттері, бағдарламалау зертханалары және т.б. Бұл болашақ кадрларды цифрлық экономика қажеттіліктеріне сапалы даярлауға жол ашады.
Б. Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінің даму жағдайымен облыстық аурухананы аралау кезінде және жаңа көпбейінді медицина мекемесі жобасының презентациясы барысында танысты.

Облыстық ауруханада Б. Сағынтаев медицина мекемесінің корпустарын аралады.

Облыс әкімінің орынбасары М. Қожахмет Петропавл қаласындағы 700 орынға арналған жаңа көп бейінді аурухананың құрылыс жобасымен таныстырды. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, нысан жоғары технологиялық медицина қызметтерінің қолжетімділігін арттырады. МЖӘ тетіктерін пайдалану арқылы қымбат медициналық жабдықтарды сатып алу жоспарда бар.
Келесі нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған Универсалды теннис орталығы болды.

Таныстыру барысында мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлова әлеуметтік нысан төрт жабық және үш ашық теннис алаңынан тұратынын айтты. Сонымен қатар, екі жабық алаң баскетбол мен волейболға арналған әмбебап спорт алаңына түрленеді. Көрермендер трибунасына 1000-нан астам адам сыяды.

Мұнда тек түрлі спорт түрлерімен айналысып қана қоймай, сондай-ақ қалалық және облыстық деңгейдің бұқаралық шараларын өткізуге болады. Аталған орталықта XV Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумының қонақтарын күту жоспарда бар.
Премьер-Министр өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуымен танысу кезінде Петропавлда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Жас Өркен» жаңа шағын ауданына барды.

Таяуда ғана «Жас Өркен» атауы берілген шағын аудан жекеменшік үйлер салынған үлкен аумақ түрінде болды. Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында ескі үйлер құлатылып, олардың орнына 2000-нан астам жаңа пәтер салынуда.
Премьер-Министрге 332 пәтерден тұратын жаңа құрылыс жұмыстары көрсетілді. Нысанды 2019 жылғы қазанда пайдалануға беру жоспарда бар. Пәтер алатын тұрғындар үй кезегінде тұрған және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшысы болып отырған қала тұрғындары. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Федяев жаңадан салынатын бұл үйлерді «7–20–25» ипотекалық бағдарламасы бойынша беру мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Биыл өңірде 230 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштің 115% құрайды.

Әлеуметтік инфрақұрылымды тексергеннен кейін, Премьер-Министр өңірдің өнеркәсіптік даму жағдайымен танысты. Осылайша жеке индустриялық аймақ тексерілді.
Индустриялық аймақ аумағында Бақытжан Сағынтаев металл-пластиктен жасалған бұйымдарды өндіру цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның жоспарларында, сондай-ақ, 10 млрд теңгеге жуық сомаға тағы 14 жобаны іске асыру жұмыстары бар, ол 300-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және жаңа өндірістерді игеруге жол ашады. Бұл — пластиктен жасалған бұйымдар, жуғыш заттар, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаздар, дымқыл майлықтар және т.б.
Бұдан өзге, Премьер-Министр ИИДМБ аясында жүзеге асырылған «Рим-ҚазАгро» ЖШС-ның жылдам дайындалатын азық-түлік өнімдері өндірісін ұйымдастырудың технологиялық процесімен және өндірістік желілерімен танысты.

Жылдам дайындалатын кеспе өндіру кешенінің қуаттылығы сағатына 2 тоннаны құрайды. Бұдан өзге, кәсіпорын ботқа, сорпа, картоп езбесін шығарады. Өндірістегі негізгі құрамдаушы — отандық ұн. Шығарылған кеспелердің жартысынан көбі Ресейге экспортталады.

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарының соңында Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Атап айтқанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018–2021 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды.
Қараша айының басында Петропавлда өтетін «Қазақстан – Ресей» аймақаралық форумына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
«Біз құрылыс барысымен таныстық, көңілімізден шықты деуге болады. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталады, сапасы өте жақсы, әуежайдан бастап барлық нысандар бойынша: Оқушылар сарайы, теннис алаңы, үйлердің құрылысы, абаттандыру жұмыстары – барлығы ретімен орындалып жатыр. Сұраған көлемде ақша бөлінді – қолдау көрсетілді. Бұл – облысты дамытуға көрсетілген елеулі көмек. Кешенді жоспар бойынша да жұмыстарды жедел аяқтау қажет», — деді Бақытжан Сағынтаев.
«Біз құрылыс барысымен таныстық, көңілімізден шықты деуге болады. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталады, сапасы өте жақсы, әуежайдан бастап барлық нысандар бойынша: Оқушылар сарайы, теннис алаңы, үйлердің құрылысы, абаттандыру жұмыстары – барлығы ретімен орындалып жатыр. Сұраған көлемде ақша бөлінді – қолдау көрсетілді. Бұл – облысты дамытуға көрсетілген елеулі көмек. Кешенді жоспар бойынша да жұмыстарды жедел аяқтау қажет», — деді Бақытжан Сағынтаев.
Кешенді жоспардың негізгі бағыттары мен шаралары туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады. Оның айтуынша, соңғы жеті айда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң өсімге қол жеткізілген — қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 107,9% құрады.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов кәсіпкерлікті дамыту және трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіру туралы баяндады. Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов медициналық мекемелерді салу және жабдықтау туралы айтып берді. Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев білім беру нысандарын салу, жөндеу, техникалық жабдықтау, гранттарды көбейту, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы баяндады.

Солтүстік Қазақстан облысына еліміздің азаматтарын қоныстандыру және оларды қолдау тетіктерін дамыту жөніндегі арнайы жоспарды әзірлеу туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова баяндады. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов қорғаныс өнеркәсібі кешенін технологиялық жаңғырту туралы айтып берді. Оның айтуынша, саланы жаңғырту 117 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, еңбек өнімділігі 1,5%-ға өседі.
Сондай-ақ, кеңес барысында облыс әкімдігінің өңірлік басқармаларының басшылары сөз сөйледі. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т. Сұлтанғазиев медицина қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөнінде баяндады. Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Қ. Жарова өңірде ШОК дамыту шаралары туралы айтып берді. 2021 жылға қарай облыста 30 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілері болады деп болжанған.

Бақытжан Сағынтаев өңір экономикалық өсімнің жаңа моделіне басымдық беру керектігіне және қарапайым заттар экономикасын дамыту қажеттігіне назар аударды.

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының басшысы Г. Кәрімова бүгінгі таңда өңірдегі үш ауысымда білім беру мәселесі белсенді түрде шешіліп жатқанын айтты. Қазіргі таңда үш жаңа мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы С. Яковенко баяндама жасады.

Еске салайық, Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда. Осыған дейін Бақытжан Сағынтаев Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс сапарларымен болды.