Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті

21 қаңтар 2019, 15:14
Фото: akorda.kz

Қазақстанға ресми сапармен келген Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагваны салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөз өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, ықпалдастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарына арнайы тоқталды.

«Біз сыртқы саясатымызда, соның ішінде Африка бағытында кең ауқымды сауда қарым-қатынастарын дамытуға және халықаралық бастамаларды өзара қолдауға ұмтыламыз», — Қазақстан Президенті.

Зимбабве Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызып, Зимбабве делегациясына қонақжайлылық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Зимбабвенің көлік-логистика желісін жаңғырту және қайта өңдеу ісінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті
1/3
Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті
2/3
Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті
3/3