Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты

01 мамыр 2019, 13:03
Фото: akorda.kz

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде барша жұртты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бабаларымыз бірліктің арқасында барлық қиындықты еңсеріп, біз үшін осындай Ұлы даланы сақтап қалды. Біз бірге олардың арманын орындап, тәуелсіз Қазақстанды құрдық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы заманауи Қазақстан барлық жетістікке қоғамдағы бірліктің арқасында қол жеткізгенін атап өтіп, бәрін бейбіт өмір мен тұрақтылықты бағалауға және сақтауға шақырды.

«Біз – бақытты халықпыз. Бірлігімізді сақтап, тәуелсіздігімізді құрметтеуіміз керек. Даму бағдарламаларымызды жүзеге асыру еліміздің болашағын одан әрі жарқын ете түседі», — деді Тұңғыш Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемде этносаралық қақтығыстардың салдарынан туындайтын қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге тоқталды.

«Әр үйге, әр отбасына береке, бақыт, амандық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін. Мейрамдарыңызбен!» — деп түйіндеді Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты
1/3
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты
2/3
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты
3/3