Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды

30 сәуір 2019, 19:40
Алматы
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың зияткерлік орталығы болып қайта құрылған Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Оpen space» форматы бойынша жұмыс істейтін бұл мекемеде электронды ресурстармен, кітап және мерзімді басылымдармен жұмыс істеу, фильмдер көрсету, таныстырылымдар, тренингтер және конференциялар өткізу қызметі қамтылған. Орталық кітап қоры 1,8 миллион данадан асатын қаланың бірыңғай кітапханалар жүйесіне кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен еріктілер қозғалысының өкілдеріне өзінің өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімеледі.

«БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген кезімде волонтерлік жұмысқа көп көңіл бөлдім. Біз көптеген елдердің еріктілерін жинап форумдар ұйымдастырдық. Қазақстан Парламентінде істегенде волонтерлік туралы заң қабылдадық. Мемлекет тарапынан бұл қозғалысқа қолдау көрсетіп, дамыту үшін барлық жағдай жасалуда», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жақын арада елімізде еріктілердің үлкен форумын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды
1/4
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды
2/4
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды
3/4
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды
4/4