Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды

15 сәуір 2019, 20:08
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойып, өзбек халқының азаттығы үшін күрескен бабалар рухына тағзым етті. Ташкенттің Мустакиллик алаңында орналасқан бұл монумент өзбек ұлтының бейбітшілік пен бостандыққа, мейірімділік пен тату көршілікке, достық пен бауырластыққа ұмтылысын айшықтайды.

Монумент ою-өрнекпен безендірілген металды сфера бейнесінде салынған және онда Өзбекстанның картасы бейнеленген. Қолында баласы бар бақытты ана мүсіні ескерткішке көрік беріп тұр.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз