Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңсесіне барды

01 мамыр 2019, 14:50
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 17 аймақтық бөлімшесі орналасқан кеңсесінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Президент халықаралық ұйым кеңсесінің ашылуы ел үшін ерекше маңызға ие - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БҰҰ қағидаттарын толықтай ұстанатынын және халықаралық қауымдастықпен қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, адам құқықтарын қорғау мақсатындағы өзара іс-қимылдарын белсенді түрде жалғастыра беретінін айтты.

   

«Бұл тамаша ғимарат Біріккен Ұлттар Ұйымының мүдделері үшін қызмет ететін болады. БҰҰ – барлық ел үшін ортақ үй. Біздің ынтымақтастығымыздың арта түсетініне сенімдімін. Әлем қауіпсіздігі жолында БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметін қолдай береміз», — деді Мемлекет басшысы.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура Қазақстан Президентіне алғыс айтып, бұл әсем ғимарат Алматы қаласының сыйы екенін атап өтті. Дипломат жаңа кеңсе Қазақстан мен БҰҰ-ның жақын достығы мен ынтымақтастығының белгісі болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымның жұмысшыларымен әңгімелесіп, кітапхананың және БҰҰ аймақтық бөлімшелер өкілдіктерінің жұмысымен танысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңсесіне барды
1/3
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңсесіне барды
2/3
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңсесіне барды
3/3