Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

03 қаңтар 2019, 12:40

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау және кинематография мәселелері жөніндегі бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Елбасы қол қойған заңдар:

  • Денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;

  • Кинематография саласында құқықтық негіздемелерді белгілеуге бағытталған «Кинематография туралы» Заң; 

  • Заңнаманы «Кинематография туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң. 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз