Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

07 ақпан 2019, 17:36
Фото: akorda.kz

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіліп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз