11,2 мың жаңа пәтер, миллионнан астам турист, 20 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын — Алматы қалай дамуда

Жұма, 14 Маусым 2019, 10:58:44

Бүгінде Қазақстанда қалалардың өсуі үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Алматы экономикадағы оң динамиканы көрсете отырып, оның жарқын мысалы бола алады. Жыл сайын ішкі өңірлік өнім өсімі байқалуда, инвестициялар артуда, тұрғын үйлер қарқынды салынуда. Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы РrimeМinister.kz-тің шолу материалынан оқыңыздар.

Алматы — Қазақстанның аса ірі мегаролисі, ол Іле Алатауының баурайында орналасқан. 1997 жылға дейін қала еліміздің астанасы болды. Қазіргі кезде Алматы еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржылық орталығы болып табылады.

Мұнда қуатты адам капиталы шоғырланған. Қала бүгінде еліміздің экономикалық орталығына айналды. Мұнда бизнес белсенді жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, Алматы бүгінде еліміздің дамуына қомақты үлесін қосуда.

2018 ж. қорытындысы бойынша ішкі өңірлік өнім өткен жылдың көрсеткішіне шаққанда 2,6%-ға өсумен 7,5 трлн теңгені құрады.

 

Өңдеу өнеркәсібінің 4,8%-ға өсуі: 20 жаңа кәсіпорын

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 884,1 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі — 2017 жылға шаққанда 104,5%.

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің үлес салмағы 75,4% құрады, 666,9 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл 2017 жылғы көрсеткіштерден 4,8%-ға артық.

Электрмен жабдықтау, газ жеткізу, бу және ауаны желдету көлемі 194,8 млрд теңгені құрады, өсім - 102,7%, сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау көлемі — 22,4 млрд тңғге болды.

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің 4,8%-ға артуы байқалады, бұл өндірісте текстиль бұйымдар көлемінің 1,5 есе, дайын металл бұйымдарының 2,2 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарының 24,2%-ға өсуінің есебінен мүмкін болды.    

2018 жылы ИИД МБ аясында 45,4 млрд теңге сомасына 3 552 жұмыс орнын құрумен 20 жоба іске қосылды:

1. «Әлем Тынысы» ЖШС — қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және химиялық өнімдер өндіру зауыты. Жұмыс орны — 12;

2. «ПЭРИ» ЖШС — әйелдердің тоқыма шұлығын шығару. Жұмыс орны — 26;

3. «Кислород АЗОК» ЖШС — табиғи тасты өңдеу өндірісін жаңғырту. Жұмыс орны  — 7;

4. «Tokyo Rope Almaty» ЖШС — инженерлік қауіпсіздік жүйелерін шығаратын өндірісті кеңейту. Жұмыс орны — 30;

5.  «KBS Engineering» АҚ — ет өнімдерін шығаратын зауытты жаңғырту. Жұмыс орны — 30;

6. «Galaxia Technology» ЖШС — жарықдиодты өнімдер өндірісін жаңғырту. Жұмыс орны — 12;

7. «Green Recycle» ЖШС — флекс өндіру зауытын салу. Жұмыс орны — 528;

8. «КМК Investment» ЖШС — кабель сым өнімдерін шығару зауытын салу. Жұмыс орны — 539;

9. «Хлебзавод №7» ЖШС — нан-тоқагһш өнімдерін шығаратын зауытты жаңғырту. Жұмыс орны — 21;

10. «Falcon Euro Bus» ЖШС — жолаушылар автобус паркін салу. Жұмыс орны — 1300;

11. «Рахат» ЖШС — кондитерлік өнімдерді өндіруді жаңғырту. Жұмыс орны — 63;

12. «KazTechInnovations» ЖШС — заманауи инновациялық кәсіпорын салу. Жұмыс орны — 130.

13. «Компания Камертон» ЖШС — сыр өндіру зауыты. Жұмыс орны  — 7;

14. «Келет» ЖШС — газ қазандықтары зауытын салу. Жұмыс орны — 20;

15. «Адельфи» ЖШС — жиһаз өндіру зауытын жаңғырту. Жұмыс орны — 45;

16. «Fishinvest» ЖШС — балық өнімдерін шығаруды жаңғырту. Жұмыс орны — 10;

17. «Брот Мастер» ЖШС — кептірілген нан шығаруды іске қосу. Жұмыс орны  — 10;

18. «Самал» ЖШС — бөтелкедегі су шығаратын зауытты жаңғырту. Жұмыс орны — 315;

19. «Шин Лайн» ЖШС — балмұздақ цехын жаңғырту. Қуаттылығы — жылына 350 млн теңге. Жұмыс орны — 250;

20. «Алматы электромеханка зауыты» ЖШС — электротехникалық жабдықтарды шығаратын жабдықты жаңғырту. Қуаттылығы — 9 651 дана. Жұмыс орны — 195.

Алматы қ. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында тұрып қалған кәсіпорындар жоқ.

 

Алматы ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны бойынша бірінші орында

Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнес үлесі 42,7% құрайды (2018 жылғы 9 айдағы деректер).

2018 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінді.

2018 жылы 230 жоба мақұлданды, оның ішінде 99 жоба — 28,2 млрд теңге несие сомасына субсидиялау бойынша, субсидиялардың болжамдық сомасы — 5,3 млрд теңге; 59 жоба — 4,9 млрд теңге несие сомасына кепілдендіру бойынша, кепілдендіру сомасы — 2 млрд теңге; 4 жоба — 1,9 млрд теңге сомасына инфрақұрылым жүргізуге; 68 жоба — 141 млн теңге сомасына грант бойынша. 4 448 жұмыс орны сақталды, 1208 бірл. құру жоспарланған.

Барлығы қалада (01.01.2019) 274 689 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артық (265 186 бірл.).

Шағын және орта бизнес субъектілері арасында белсенді өсу байқалады. Бұл орайда қала аталмыш салада жұмыспен қамтылғандар саны бойынша бірінші орында қалып отыр.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2,7%-ға артты. Бұл республика бойынша жұмыс істеп тұрған ШОЮ субъектілерінің жалпы санында Алматының үлес салмағының 14%-ға жуығы, осылайша, мегаполис ҚР-да бірінші орынға ие.

2018 ж. 1 қазандағы жағдай бойынша ШОБ-та қамтылғандар саны 593 801 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,9%-ға артық  (2017 ж. – 576 701 мың адам).

2018 ж. қаңтар-қыркүйекте ШОБ шығарған өнімдер көлемі 4 758 млрд теңгені құрады, 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсімі 28,5% болды.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түсімдер үлесі жалпы көлемінде 2018 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 62,2% (1,2 трлн тг) құрады. Өсу қарқыны 106,8% құрайды.

 

Тау шаңғысы курорттары және экотуризм: Алматы шетелдік туристерді несімен тартады

2018 жылы Алматы қаласына миллионнан астам турист келген, оның 365 мыңы — Еуропа, АҚШ, Ресей және Орталық Азия елдерінен келген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға артық. Алматы саяхаттар туралы мәліметтер халықаралық сайттарда бар. Статистика бойынша туристердің  37% бұл қаланы сайттарда таңдайды, 8% — әлеуметтік желілерден көреді.

Еуропалық туристер қалаға зор қызығушылық танытады. Туристерді тау шаңғысы курорттары тартады. Егер барлық тау шаңғысы курорттарын жинаса, онда 46 шақырым шаңғы трассасы шығады, оларды 456 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған. Сонымен қатар қалада: 2,5 мың мейрамхана, 128 сауда орталығы, 50 базар, 19 музей, 20 театр бар. Бірақ шетелдік туристердің негізгі қызығушылығын экотуризм — жазда таулардағы хайкинг және өзендерде жүзу, қыста — шаңғы тебу т. б. тудырады.

Бүгінде Алматыда туристік индустрияға қатысты барлық бағыттар белсене дамып жатыр. Туризммен шектес 33 сала оның даму тиімділігін көріп отыр. Бұл Қазақстан экономикасы үшін тризмнің маңыздылығын арттырады. Бұл тау кластерін абаттандыруға, орналастыру нысандарына, қоғамдық көлікке, қоғамдық тамақтандыру жүйесіне, мегаполистің туристік мүмкіндіктеріен халықаралық деңгейде ілгерлетуге де қатысты.

Қазақстанға келетін шетелдік туристердің 50% Алматыға барған. Мұндай жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу туризмді дамыту саласында қабылданған бірқатар шаралардың арқасында мүмкін болды. Оның ішінде:Алматы халықаралық әуежайы арқылы транзитпен өтетін Қытай және Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізу бар. Осы шараның арқасында, 2018 жылғы сәуірден бастап Алматыға 10,5 мың қытай мен 2,5 мың үнді азаматы келген. 

18 380 мың қонақ Алматыға бір мезетте қоныстана алады. Өткен жылмен салыстырғанда орналастыру нысандарының саны 21%-ға өскен. Туристердің бағдарлануын жеңілдету үшін таудағы жаяу жүргіншілер сүрлеулерінің бойында 64 нұсау орнатылған. Сонымен қатар 15 маршруттан 10 маршрут тауларда таңбаланған. Алматы туристері үшін 90 түрлі турды TripAdvisor алаңында тіркелген 39 туристік оператор ұсынады. ТМД-ның ең танымал курорттарының рейтингінде тауда белсенді демалуға арналған «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты бірінші орын алады.

Туризм зор біліктілікті қажет етпейтін жұмыскерлер үшін жұмыспен қамту және валюталық табыс көзі болып табылады. Әлемде туризм әрбір 10-шы жұмыс орнын, әлемдік ЖІӨ 10%-дан астамы және экспорттық табыстардың 6,5% құрады. Алматыда туризм мен тиісті сервистер үлесін 2025 ж. қарай ЖӨӨ-де 6%-ға дейін жеткізу көзделген.

Тау кластерінің әлеуеті зор. Австриялық және француздық сарапшылармен бірге Алматы агломерациясының так локацияларының мастер-жоспары әзірленді. Оны іске асыру $1 млрд жеке инвестициялар тартып, 200 км шаңғы трассасын жасап, тікелей нысандарда 30 мыңға жуық жұмыс орындарын, ал аралас салаларда 45 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Тау кластерінен басқа, қалада шаралық, этномәдени және басқа да туризм түрлері дамып жатыр. Мәселен, жыл сайын 50-ден астам халықаралық шаралар өткізіледі.

 

Алматыда тұрғын үй бағдарламалары қалай іске асырылып жатыр

Құрылыс көлемі 4,7%-ға 345,8 млрд теңгеге дейін өсті.

Тұрғын үйді енгізу 2 млн м² құрады (11,2 мың пәтер), бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық.

2018 жылы «Тұрғын үйлер салу» бағдарламасын іске асыру аясында пайдалануға 58 тұрғын үй, жалпы аумағы 87,1 мың м² болатын немесе 1955 пәтер берілді, оның ішінде:

  • «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» — 11 тұрғын үй, жалпы аумағы 17 мың м² болатын 416 пәтер;
  • «Жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша несиеге берілетін тұрғын үй» — 47 тұрғын үй, жалпы аумағы 70,1 мың м² болатын 1539 пәтер.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайғастыру бағдарламасы бойынша 20 нысан құрылысы аяқталды.   

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мегаполис аумағында 323,8 мың м² болатын 4 725 пәтер енгізілген. Бүгінде Алматыда 60 үйдің құрылыс жүріп жатыр.

Тұңғыш Президент – Елбасы бастамашы болған «7-20-25» белсене іске асырылуда. Бүгінде еліміз бойынша өтінімдердің 25% Алматы қаласына тиесілі. Сонымен қатар, соңғы жылы 2 млн м² тұрғын үй немесе 11,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. А.ж. соңына дейін тағы 2,1 млн м² енгізілетін болады. Бүгінде бағдарлама шарттарына сай келетін 650 пәтер бар.

Бұл орайда, Бағдарлама бойынша пәтерлерді сату қаладағы 53 тұрғын үй кешендерінде жүргізілуде. ҚР Ұлттық банкі келтірген талдауға сәйкес, бұл тұрғын үй кешендерінде 1 343 пәтер сатылған.

Бағдарламаны іске асыру аясында 2018 жылы Алматы қаласында тұрғын үйлерді жеке құрылыс салушылардың салуын ынталандыру, инженерлік коммуникациялар жүргізу,  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл шаралардың барлығы бірінші кезекте, тұрғын үйдің шаршы метрінің құнын түсіруге және арзан тұрғын үйге бағытталған.

 

Әлеуметтік қолдау: жұмыссыздар санатынан 17 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 36 244 адам қамтылған, оның ішінде

17 339 адам жұмысқа орналастырылды, 9 007 — өз бетінше жұмысқа орналасты, 998 — әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеді, 1 289 — жастар іс-тәжірибесінде болды, 4 308 — кәсіптік оқытуға бағытталды. 3 203 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

2018 жылдың ІІІ тоқсанында бір адамға шаққандағы орташа жалақы 197 736 теңгені немесе  2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады.

2017 жылдан бері қалада Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылып келеді. Оның бірінші бағыты аясында техникалық және кәсіптік біліммен қиын өмір жағдайында қалған және аз қамтылған отбасылардан 9-11 сыныптардың 2500 түлегі, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттары қамтылатын болады.  Бұл мақсаттарға 2,1 млн теңге бөлінді. 2017 жылдан бері 2 410 адам оқуын жалғастырып келеді, 2018 ж. 2500 адам оқуға кірісті.

Екінші бағыты аясында бизнес-жобаларды іске асыратын немесе оны жоспарлаған жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға шағын несиелер беру қарастырылған. 150 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға шағын несие беру көзделген, бұл мақсаттарға 436 млн теңге бөлінген, оның ішінде шағын несиелендіруге — 335 млн тг, кепілдендіруге — 101 млн тг.

Үшінші бағыт аясында жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуда қолдаудың белсенді шаралары көрсетіледі, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыруда қолдау көрсету бар  (қоғамдық жұмыстар, жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары).

2018 жылы Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен және халықты жұмыспен қамтуда қолдаудың Кешенді жоспарымен 36 244 адам (жоспарда 32мың адам) немесе 113,3% қамтылды.

 

Баршаға арналған сапалы білім: 3 жылда 11 мектеп пен 9 балабақша салынды

2018 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 104,4 млрд теңге бөлінді. 01.01.2019 жағдай бойынша 104,4 млрд теңге немесе 100% игерілді. Білім беру нысандарын дамытуға 12,4 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен — 5,9 млрд тг.

Жалпы, Алматыда жыл сайын білім беруге 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді — бұл 32 мыңнан астам мұғалімнің, тәрбиешілердің жалақылары, 221 мектеп, 182 балабақша, 20 колледжді ұстауға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ білім беру нысандарын салу. 3 жыл ішінде тек бюджет есебінен 8 мың балаға 11 жаңа мектеп пен  9 балабақша салынған. Бұл нысандарда 850-ден астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қоса, халық санының артуына байланысты Тұңғыш Президент – Елбасы Жолдауы аясында 2020 жылға дейін тағы 8 жаңа ірі мектеп салынады, оның 6 — Алатау ауданында, қалғандары Әуезов және Наурызбай аудандарында. Бұл мектептер бойынша жобалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Мектепке дейінгі мекемелермен қамтуды арттыру мақсатында 2018 жылы Наурызбай ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді, үш мектепке 1400 оқушыға шақталған жаңа ғимараттар қосыды, 730 орындық үш мемлекеттік балабақша ашылды. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша 2,5 мың орынға 6 жекеменшік мектеп пен 4936 орындық 170 жекеменшік балабақша ашылды.

Қажетті орындар санын қамтамасыз ету үшін жекеменшік балабақшаларға әрбір бала үшін мемлекеттік тапсырыс бөлінеді. Осының арқасында 4 жылда 18 мың орынға 539 мыңнан астам жекеменшік балабақша ашылды, бұл балаларды 83%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. 3,5 мың жұмыс орны ашылды, оларда негізінен әйел адамдар жұмыс істейді.

2019 ж. қаңтар айының соңында 440 орындық тағы 2 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді. Алатау ауданында 600 орындық мектептің және 360 орындық 3 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тағы 4 орталық жүктемесі көп мектепте қосымша оқу корпустары салынатын болады.

Сонымен қатар, ірі құрылыс компаниялары қалаға әлеуметтік жауапкершілік аясында көмек көрсетеді. Биыл «BI Group» 270 орындық екі балабақшаны пайдалануға береді. «Базис-A» тағы 4 мектепке қосымша ғимараттар салуда, әрқайсысы 300 орындық. Бюджетті үнемдеу — 3,5 млрд тг.

Сонымен қатар, Алматыда мектеп оқушылары ең заманауи мультимедиялық контент пен технологияларды пайдалана алады. Қаладағы барлық мектептерде жылдамдығы жоғары интернет, Wi-Fi қойылған. Барлық 7304 мектеп кабинеттерінде мультимедиялық құралдар (проектор, экран, ноутбук) бар.

Оқушылардың 80% үйірмелерде, секцияларда қосымша білім алады, олардың үштен бір бөлігі аз қамтылғандар — тегін білім алады. Бұл жемісін беруде. ҰБТ нәтижелері бойынша алматылық оқушылар 7-ші жыл қатарынан еліміз бойынша көш бастап келеді. Өткен жылғы түлектердің жартысы оқу грантын алды. Бұл қазіргі студенттердің 27 мыңнан астам, алдыңғы жылға қарағанда 51%-ға артық.

Студент жастардың тұру жағдайын жақсарту мақсатында Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмасымен Алматыда студенттер жатақханаларын салу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2 жатақхана салынған (инженерлік техуниверситет, Асфендияров атындағы медуниверситет), 1 жатақхана жаңғыртылды (ЕТУ).  Сонымен қатар, а. ж. сәуір айына дейін Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ жатақханасының реконструкциясы аяқталды. Жалпы, 2019 жылы 2680 орындық бес жатақхананың құрылысы және берілуі аяқталады (әл-Фараби атындағы университет,аграрлық университет) жатақхананың құрылысы басталады. 2020 жылдың соңына дейін 26 ЖОО-да 20 мың орындық 42 жатақхана салу жоспарланған. Барлығы қажетті жер телімдерімен қамтамасыз етілген.

 

Медицина сапасы: жабдықтармен жабдықтау 80%-ға жеткізілген және 3,5 мың дәрігер мен мейірбике жалақысы көтерілген

2018 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 17,2 млрд теңге бөлінді. 01.01.2019 ж. жағдай бойынша 17,1 млрд тг немесе 99,4% игерілді. Денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 7,3 млрд тг қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен — 1,5 млрд тг. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5,3 млн тг қаралған. Патологоанатомиялық бюро, «Алтай» СВА және №4 перзентханаға қосымша ғимарат салу жүргізіліп жатыр.

2018 жылы негізгі аурулар түрлері бойынша өсім байқалмайды.

Тұрғындар скринингтен уақытылы өтуі, денсаулықтарындағы проблемалары туралы алдын ала білуі үшін соңғы үш жылда медициналық мекемелердің заманауи, оның ішінде диагностикалық жабдықтармен жарақталу деңгейі (МРТ, УЗИ, жаңа рентген-аппараттармен) 80%-ға дейін жеткізілді.

Қаланың халқының өсуіне ескерумен соңғы 3 жылда тағы 12 жаңа аурухана мен емхана салынды.

Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмасы бойынша жаңа тәсілдерді енгізген учаскелік дәрігерлердің жалақысы 20%-ға арттырылды, бұл 3,5 мыңнан астам дәрігер мен мейірбике.

Қалалық денсаулық сақтау жүйесін реформалау үшін Жол картасы қабылданды. Оның негізіне жұмыстың ашықтығы және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру алынды. Ауруханалардың бақылау кеңестері өз құрамына бас дәрігерлер мен олардың орынбасарларын алмайды. Кеңестерде тек сапаға мүдделі тараптар ғана болуы керек — ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар, журналистер, сондай-ақ белсенді әрі белгілі блогерлер — басқаша айтқанда, қарапайым пациенттер болуы керек.

Ашықтығы мен процестерінің оңтайлылығын арттыру үшін барлық медициналық ұйымдар бүгінгі таңда интернетпен, компьютерлермен, медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылған. Емханаларға бекітілген алматылықтар үшін 1,7 млн электронды денсаулық паспорттары жасалған.

Бұл нені білдіреді? Мысалы, балабақшаға немесе лагерьге бару үшін баланың алған екпелері туралы анықтаманы алу керек. Бұған бұрын 2-3 күн уақыт кететін. Мейірбикеге мұрағаттан бұл құжаттарды алып, бланкіге қолымен жазып, дәрігердің қолы мен мөрін алуы керек болатын. Қазір мұндай анықтамалар ақпараттық жүйеден бірнеше минут ішінде беріледі. Барлық жазбалар электронды түрде жүргізіледі. Дәрігерлерді шақырудың жартысынан астамы және қабылдауға жазылулар бүгінде интернет арқылы жүргізіледі.

 

Қаланы газдандыру: жүйеге абонентердің 99% қосылған

Тұңғыш Президент – Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында Алматыда қаланы және тікелей жекеменшік секторды газдандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Газбен қамту жүйесіне абоненттердің 99% қосылған. Газдандыру жоспарланған қалған 2217 тұрғын үйден (жекеменшік сектордың 1% құрайды), 200 үй қосылған. Тағы 100-ге жуық үйге газбен қамтуға қосылу қолжетімді болды, ал қалған 1017 үйді а. ж. ІІ тоқсанында газ бөлу желілеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарланған. Барлық компаниялармен газ желілеріне қосылуға бағаны төмендету туралы келісімге қол жеткізілді. Мәселен, халықтың әлжуаз санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, ҰОС қатысушылары үшін — тегін, аз қамтылған және көп балалы отбасылары үшін — 50%, I, II топтар мүгедектері үшін — 30%.

 

Барлығына қолайлы қала

Бүгінде қала басшылығы қалалықтар үшін бірдей жағдайлар жасап отыр. 3 жыл ішінде 1487 аула жөнделді, оның ішінде 59 — қосылған аудандарда. Қазірде 690 мың адам өз ауласында спортпен шұғылдана алады, 270 мың бала, оның ішінде аз қамтылғандар да бар, балалар алаңында ойнай алады.

2019 жылы 370 мың қалалық үшін тағы 682 жаңа аула алаңдарын салу, 40 мың адамға қолайлы болу үшін 160 үй мен 300 лифт жөндеу жоспарланған. Оларды қамту қаладағы аулалардың жартысын қамтиды.

Үйлердің өздері де жөнделіп жатыр. Мәселен, соңғы 3 жылда 98 мың тұрғын үшін 334 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. 71 мың адам үшін 512 жаңа лифт орнатылды.

ПИК жұмысы адамдарды әрдайым алаңдатады. Олардың жұмысы әкімдіктің тұрақты бақылауына алынған. Өткен жылы 309 тексеріс жүргізіліп, 78 әкімшілік хаттама толтырылды. Тұрғындар үшін ПИК жұмысына электронды жүйе арқылы мониторинг жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.

Халықаралық стандарттар бойынша 6 парк пен сквер абаттандырылды. Оларда 120 мыңнан астам алматылық уақыт өткізеді. Наурызбай және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін Қарғалы және Есентай өзендерінде жағалау маңы абаттандырылған.

Қала инфрақұрылымы да жүйелі дамып жатыр. Жалпы, тарихи орталықтың 60% жаңғыртылды.

Алатау ауданында Әткеншектер паркі, Түркісіб және Жетісу аудандарында вокзал маңы жөнге келтірілді. Орталық саябаққа, Айнабұлақ саябағына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдерге арналған заманауи рамптар, балалар алаңдары орнатылды. Биыл Түркісіб ауданында Шұғыла және Балалар скверлеріне, әуежай көлі маңындағы саябаққа Медеу ауданындағы 28 панфиловшылар  паркіне реконструкция жасалады.

2019 жылы әр ауданда бір танымал көшесі бойынша реконструкция жұмыстары жүргізіледі, жаяу жүргіншілер жолдары кеңейтіліп, заманауи жиһааздар орнатылады.

Қаланы абаттандыруға бизнес те зор үлесін қосуда. Мысалы, «Алмалы» сауда орталығын жеке қаражаттар есебінен реконструкциялау аясында биыл Республика алаңын жөндеу жұмыстары аяқталады. 

Өткен жылы барлық жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері, жаяу жүргіншілер өткелдері жөнделді, жарық пен бейнебақылау орнатылды. Өткелдер заңсыз саудадан тазартылды. Антисанитария жоқ.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайлары, қауіпсіздік талаптарының бұзылуы көп шағым тудырады.  Мұндай жағдайларды азайту үшін жөндеу және құрылыс жұмыстарының интерактивті картасы әзірленді.

 

Қаланың мобильділігі — халқы көп қалалардың өмір сүру сапасының маңызды критерийі

Үшін жыл қатарынан халықаралық сарапшылардың қолдауымен қалада кешенді көлік реформасы жүргізілуде. Биыл қоғамдық көлікке шағымдар саны азайған. Субсидиялаудың арқасында автопарк 86% жаңартылды. Автопаркі 300 орындық үшінші буын электр автобустарын құрастыратын «Falcon Eurobus» қазақстандық-германдық-гонконгтік зауыт ашылды.

БРТ (Bus rapid transit – жедел автобус маршруты) желісін іске қосу жолаушыларға жолға жұмсалатын уақытты 40% үнемдеуге мүмкіндік берді. Күн сайын жаңа желіні 100 мыңнан астам жолаушы пайдаланады.

Бүгінде ірі көлік жобасы  ЛРТ іске асырылуда, ондағы жолаушылар ағымы күніне 100 мың адам болады деп күтілуде. Конкурстың бірінші кезеңі аяқталуда, биыл ЛРТ желілерін салу үшін желілерді шығару басталады.

Жаңа екі метро станциясының құрылысы жалғасуда, бұл күн сайынғы жолаушылар ағымын 86 мың адамға дейін арттырады. Поездар арасындағы интервалдарды азайту үшін тағы 8 жаңа құрам сатып алынады.

Автобустардың қозғалыс кестесін сақтау үшін диспетчерлік бақылау жұмыстары күшейтілді.

Автомобилистер үшін жолдар сапасы жақсартылып, жол айырықтары салынуда. Мәселен, 3 жыл ішінде 42 шақырым жаңа жол салынды, 6,6 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді, 460 шақырым болатын 539 көшеге орташа жөндеу жүргізілді.

Үлкен айналма жол құрылысы басталды. Жобаға салынған инвестициялар 500 млрд теңгеден асады. Ол қалааралық трафиктің жүктемесін 10% азайтады.

Сонымен қатар, Алматының басты туристік қақпаларын — Сайран, Саяхат автовокзалдарының, 1 және 2 теміржол вокзалдарының реконструкциясы бойынша жұмыстар басталды. 2021 ж. қарай теміржол вокзалдарының өткізу қабілетін 4 есе арттыру жоспарланған.

Әуежайдың өткізу қабілетін жылына 13 млн жолаушыға дейін, 2,5 есе арттырумен оны жаңғырту көзделген.

 

Экологияны жақсарту: ірі кәсіпорындарды газға көшіру және ағаштарды цифрландыру

Үкімет қаламен бірге стационарлық көздерден — ЖЭО, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жеке сектордан шығарындыларды азайту бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.

ЖЭО-2-ні газға көшіру үшін ТЭН әзірленіп жатыр. Жобаның алдын ала құны — 500 млрд теңге. Жаңа технологиялар да енгізілуде. Қоқыс өңдейтін зауыт шикізат алумен жұмыс істей бастады, екінші кезеңінде терең өңдеу қарастырылған.

Бүгінде қаладағы барлық 2,2 млн жасыл көшеттер паспортталған және цифрландырылған. Almtree мобильдік қосымшасында қалалықтар әрбір ағаштың жеке нөмірін, тұқымын, күйін көре алады.

 

Қауіпсіздік — әрбір адам үшін негізгі қажеттіліктердің бірі

Алматыда қоғам өкілдерімен бірлесіп "қауіпсіз қалаға 17 қадам" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оны іске асырудың арқасында 102 қызметінің жұмысы жақсарды. Полиция жұмысына да сервистік тәсілдер енгізіліп жатыр. Келушілерге жағдайлар жасалған, тәулік бойы жұмыс істейтін, процессуалдық прокурор үшін жұмыс орын бар 12 фронт-офис салына бастады. Тергеу оқшаулағышы ғимаратында да жұмыс осылай оңтайландырылды. Күн сайын оған 160 адам барады.

Соңғы 3 жылда полицияны материалдық-техникалық жарақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 14 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Полицияның сапалы жұмыс істеуі үшін жарақтандыру 87% дейін жеткізілді, бұл ел бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Патрульдық полиция қызметкерлері бейнетіркегіштермен, байланыс құралдарымен, GPS навигациялармен толық жарақтандырылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Қалада 119 мың камера орнатылған. 2020 жылға қарай қосымша 1000 камера орнатылады. Камералардың көмегімен өткен жылы 1,5 мыңнан астам қылмыс ашылды.

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу

Алматы сейсмоқауіпті аймақта орналасқан. Осыған байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызы зор. Мәселен, 3 жылда бюджеттен ТЖ алдын алу мен жою үшін, құтқарушыларды материалдық-техникалық жарақтандыру үшін 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Соның есебінен «Мыңжылқы», «Қарғалы» тоғандары салынып, жөнделді, 35 шақырым өзен арнасы бекітілді, 228 км арық желісі, 7 көшкін баурайы нығайтылды, 347 сиреналық қондырғы орнатылды. 65% білім беру нысаны, 53% денсаулық сақтау нысаны сейсмологиялық күшейтілді.

2020 жылға қарай 31 сел қаупі бар нысанда 150-ден аса датчик орнатылады.

Биыл Ақсай және Аюсай аңғарларында екі тоған салына бастайды.

Жылыту маусымы кезінде адамдардың өрттен өлу және жарақаттануын азайту шараларының жоспары бекітілді. 145 мың үй тексерілді.

 

Қосылған аудандарды дамыту

Қосылған аудандарда 380 мыңнан астам алматылық тұрады, олардың басым бөлігінің табысы төмен.

Соңғы 10 жылда Алатау ауданына 430 млрд теңге қаржы салынды, 30 мыңнан аса жұмыс орны ашылды, 2,7 млн м² тұрғын үй салынды, 12 мектеп ашылды, 98 мемлекеттік және жекеменшік балабақша ашылды.

Ауданда заманауи мәдени және спорт нысандары ашылған. Олардың ішінде «Алматы Арена», «Алатау» дәстүрлі өнер театры т. б. бар. Мұнда арнайы индустриялық аймақ құрылған, онда жапондық, қытайлық, ресейілк, итальяндық инвестициялардың қатысуымен жоғары технологиялы зауыттар жұмыс істейді.

Соңғы бес жылда Наурызбай ауданын дамытуға 77 млрд теңге бөлінді. 19 км жол салынды, 200 км астам желі салынды, 5 медициналық мекеме, 2 мектеп, 2 мемлекеттік және 65 жекеменшік балабақша ашылды. Ауданның әкімшілік-іскерлік орталығы салынды, онда әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот т.б. орын тепкен.

Бұл ауданған мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан үйлердің 62% тиесілі.


Жаңалықтар тізбегі
15 Қазан 2019, 16:14
«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту: Қазақстанда жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы іске асырылуда
14 Қазан 2019, 23:41
Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
14 Қазан 2019, 23:37
Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті
14 Қазан 2019, 19:22
Биылғы 9 айдағы ӘЭД аралық көрсеткіштері, нан бағасы, валюта нарығындағы жағдай немесе Үкімет отырысы қалай өтті
14 Қазан 2019, 18:50
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Сингапурдың Аға Министрі Тео Чи Хинмен кездесті
14 Қазан 2019, 17:28
Б. Сапарбаев БҚО педагогтарына кәсіптік білім беру сапасына ерекше көңіл бөлуге кеңес берді
14 Қазан 2019, 15:05
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық көлемі Қазақстан нарығындағы әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті
14 Қазан 2019, 14:37
Ұлттық банк экономиканың басым салаларын Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске асыруда банктердің белсенділігін атады
14 Қазан 2019, 13:14
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу бойынша Жол картасын әзірледі
14 Қазан 2019, 12:14
9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 15%-ға, республикалық – 19%-ға өсті
14 Қазан 2019, 10:43
Қазақстанда дәнді-дақылдар алқабының 99,2% жиналды
14 Қазан 2019, 09:51
2019 жылы Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды
14 Қазан 2019, 09:49
Биылғы 9 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,3% құрады
12 Қазан 2019, 17:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №33
12 Қазан 2019, 11:31
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
11 Қазан 2019, 15:46
14 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2019, 12:57
Премьер-Министр А. Мамин мен Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсух Қазақстан-Моңғолия бизнес форумының ашылуына қатысты
11 Қазан 2019, 12:29
Қоғам өкілдері жұмыс істейтін жастарға жалдамалы тұрғын үйдің берілуін бақылайтын болады
11 Қазан 2019, 12:25
Үміткерлер жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйді алуы үшін қандай құжаттарды тапсыруы керек
11 Қазан 2019, 11:51
Жастарға тұрғын үй беру ережелері туралы сұхбат: қайда жүгіну керек және кімдерге артықшылықтар беріледі
10 Қазан 2019, 20:52
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Хабар» телеарнасына сұхбат берді
10 Қазан 2019, 20:50
Елбасы Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагиин Хурэлсухпен кездесті
10 Қазан 2019, 20:32
А. Маминнің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
10 Қазан 2019, 13:56
Премьер-Министр А. Мамин Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсухпен келіссөздер өткізді
10 Қазан 2019, 13:12
Премьер-Министр Асқар Мамин Қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиттің ашылуына қатысты
10 Қазан 2019, 09:51
Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті
10 Қазан 2019, 09:47
Р. Скляр Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның XV отырысына қатысты
10 Қазан 2019, 09:29
Бердібек Сапарбаев елорданың бірқатар спорт және медициналық нысандарын тексерді
09 Қазан 2019, 18:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысын тексерді
09 Қазан 2019, 17:06
Өнеркәсіптік өндіріс өсімі, АӨК дамуы, инвестициялар тарту тетіктері — 2019 жылғы 8 айда Шығыс Қазақстан облысы қалай дамыды
09 Қазан 2019, 16:13
Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
09 Қазан 2019, 09:50
Роман Скляр Қазақстан-Франция инвестициялық форумына қатысты
08 Қазан 2019, 19:04
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады
08 Қазан 2019, 18:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Семейге жұмыс сапары: 2025 жылға дейінгі қаланы дамыту жоспары және Абайдың 175 жылдығына дайындық
08 Қазан 2019, 18:24
Елбасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
08 Қазан 2019, 13:59
Жыл сайын Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны 10%-ға артуда — Kazakh Tourism
08 Қазан 2019, 13:51
2022 жылға қарай туризм саласында 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады — Kazakh Tourism
08 Қазан 2019, 11:51
Қазақстанда туризм саласын дамыту туралы сұхбат: шетелдіктерді не қызықтырады және қай өңір экотуризм бойынша көш басында
08 Қазан 2019, 08:54
Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты
07 Қазан 2019, 19:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.10.2019
07 Қазан 2019, 18:42
АӘК төлеу тетіктерін жетілдіру, азаматтық авиацияны дамыту және әуе билеттерінің бағасын төмендету шаралары — кезекті Үкімет отырысы қалай өтті
07 Қазан 2019, 13:15
Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағымы 45 есе көбейді — ҚР ИИДМ
07 Қазан 2019, 13:01
АӘК төлемінің түзетілген тетігі аз қамтамасыз етілген адамдарға көмек көрсетудің атаулы сипатын, ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуі керек — ҚР ЕХӘҚМ
07 Қазан 2019, 12:09
Асқар Жәкенов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
07 Қазан 2019, 11:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №32
07 Қазан 2019, 10:08
Үкіметте азаматтық авиацияны дамыту және әуе билеттерінің бағасын төмендету мәселелері қаралды
07 Қазан 2019, 10:05
Үкіметте атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды
05 Қазан 2019, 13:49
Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті
05 Қазан 2019, 10:18
Роман Скляр Француз Республикасы мен Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерімен кездесті
04 Қазан 2019, 17:20
Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысындағы мобильді ХҚКО-лар және МӘМС жұмысымен танысты
04 Қазан 2019, 11:10
7 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2019, 10:46
Жұмыспен қамту орталықтарындағы жаңашылдықтар: «Еңбек» бағдарламасы ұсынатын жаңа мүмкіндіктер
03 Қазан 2019, 19:06
Әлихан Смайылов «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады
03 Қазан 2019, 18:30
98%-дан астам мұқтаж азамат борыш жүктемесін азайту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған
03 Қазан 2019, 17:33
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр республикалық экологиялық сағатқа қатысты
03 Қазан 2019, 11:19
Вице-премьер Б. Сапарбаев әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін спорт министрлігін сынға алды
02 Қазан 2019, 18:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент пен Түркістан қалаларында болды
02 Қазан 2019, 16:57
Қазақстанда жыл басынан бері бензин мен дизель отынының бағасы төмендеді — М. Досмұхамбетов
02 Қазан 2019, 16:56
Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ жобаларында жұмыскерлердің 90%-ын қазақстандық мамандар құрайды - ҚР Энергетика министрлігі
02 Қазан 2019, 16:31
Инвестициялық жобаларды іске асыру мұнай өндірудің жылдық көлемін 2025 жылға қарай 105 млн тоннаға дейін ұлғайтады — М. Досмұхамбетов
02 Қазан 2019, 16:06
Мұнай өндірудің қазіргі қарқыны жылдық жоспарды 89 млн тоннаға асыра орындауға мүмкіндік береді — ҚР ЭМ
02 Қазан 2019, 11:48
Малайзиядағы көрмеде Алтын адам таныстырылды
01 Қазан 2019, 21:36
ҚР Үкіметінің отырысы, 01.10.2019
01 Қазан 2019, 18:59
2019 жыл бюджетін нақтылау, Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G енгізу — ҚР Үкіметінің кезекті отырысы қалай өтті
01 Қазан 2019, 17:49
Әуе билеттерінің бағасы реттелмейді, әуе компаниялары динамикалық баға белгілеуді қолданады — А. Әлжанов
01 Қазан 2019, 17:46
2019 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ҚР әуежайларында 11 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетілді
01 Қазан 2019, 17:43
2019 жылы қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары 7 халықаралық рейс ашты
01 Қазан 2019, 17:34
Жаңа бағыттарды ашу, баға белгілеу және мамандарды даярлау — Қазақстанда азаматтық авиация қалай дамып жатыр
01 Қазан 2019, 13:44
5G желісіне ауысу Интернет тарифтері құнының өсуіне әкелмейді — А. Жұмағалиев
01 Қазан 2019, 13:35
Қазақтелекомда электронды SIM-картаға көшу перспективалары туралы айтылды
01 Қазан 2019, 13:15
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі диалогының екінші отырысын өткізді
01 Қазан 2019, 13:00
5G енгізу кезінде адамдардың денсаулығына оның әсері ескерілетін болады — А. Жұмағалиев
01 Қазан 2019, 12:22
Мұнай-газ саласын дамыту және жергілікті қамту үлесін ұлғайту туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Қазан 2019, 11:08
ҚР Үкіметінде оқушылардың сабақтан тыс уақытта іспен шұғылдануын және бос уақытын өткізуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
01 Қазан 2019, 10:53
2020 жылдың соңына дейін 880 ауылда кең жолақты интернет желісі қолжетімді болады
01 Қазан 2019, 10:51
2019 жылы республикалық бюджет кірістері 7 трлн 81 млрд теңгені құрайтын болады - ҚР ҰЭМ
01 Қазан 2019, 10:05
А. Мамин 5G тиімді пайдалану жобаларын әзірлеп, ауылдардың жоғары жылдамдықты интернетке қосылуын тездетуді тапсырды
01 Қазан 2019, 09:49
Үкіметте 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды
30 Қыркүйек 2019, 19:22
Үкіметте жер қатынастарын цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері қаралды
30 Қыркүйек 2019, 19:04
Салық жүктемесін азайту және ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру: Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» қалай іске асырылуда
30 Қыркүйек 2019, 18:16
2019 жылдың соңына дейін студенттер жатақханаларында қосымша 4 мыңнан аса орынды пайдалануға беру жоспарланған — ҚР БҒМ
30 Қыркүйек 2019, 17:00
Ішкі нарықтардың жұмыс істеу мәселелері, кедендік және техникалық реттеу, ЕАЭО цифрлық күн тәртібі ЕЭК Кеңесінде талқыланды
30 Қыркүйек 2019, 16:33
Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО көлік инфрақұрылымын цифрландыруды ұсынды
30 Қыркүйек 2019, 15:11
Жұмыс орындарын құру, мамандарды оқыту және инфрақұрылымды жақсарту — ҚР-да жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижелері
30 Қыркүйек 2019, 15:02
2020 жылы Қазақстанда мұнай компанияларының жаңартылатын энергия бойынша алғашқы жобалары пайда болады
30 Қыркүйек 2019, 14:54
Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі, кадрлар даярлау және инвесторлар тарту — ЖЭК дамуы туралы А. Соспанова
30 Қыркүйек 2019, 12:28
1 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қыркүйек 2019, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №31
27 Қыркүйек 2019, 19:57
Электронды денсаулық паспортын eGov және mGov платформаларынан көруге болады — Е. Біртанов
27 Қыркүйек 2019, 19:34
Жеке инвестициялар есебінен 15 ірі көпбейінді облыстық аурухана салынады — Е. Біртанов
27 Қыркүйек 2019, 19:27
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлердің керексіз анализдерді тағайындағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін арттыруды жоспарлап отыр
27 Қыркүйек 2019, 18:54
УДЗ және МРТ: медициналық сақтандыруды енгізумен азаматтар қандай қызметтерді тегін ала алады
27 Қыркүйек 2019, 17:41
Әлихан Смайылов ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді
27 Қыркүйек 2019, 11:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады
27 Қыркүйек 2019, 11:04
Kazakhstan Energy Week-2019: әлем сарапшылары энергетикалық болашақтың сын-тегеуріндерін талқылады
26 Қыркүйек 2019, 17:57
Ерлан Әукенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
26 Қыркүйек 2019, 17:19
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
26 Қыркүйек 2019, 15:18
Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы баспасөз конференциясы өтеді
26 Қыркүйек 2019, 11:56
Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының ашылуына қатысты
26 Қыркүйек 2019, 11:47
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты және «Байқоңыр» АЭА дамыту: 2019 жылғы қаңтар–тамыз аралығында Қызылорда облысы қалай дамыды
26 Қыркүйек 2019, 09:43
ҚР Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» жобасын талқылады
25 Қыркүйек 2019, 18:39
ҚР АШМ-де Өсімдіктер карантині саласындағы меморандумға және ҚР-дан ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар бойынша хаттамаға қол қойылды
25 Қыркүйек 2019, 17:34
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
24 Қыркүйек 2019, 18:01
Бішкекте ЕАЭО-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы талқыланды
24 Қыркүйек 2019, 16:38
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдерінің парламентшілерімен бірқатар кездесулер өткізді
24 Қыркүйек 2019, 16:31
Елбасы «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің ашылуына қатысты
24 Қыркүйек 2019, 16:16
ОААЭЫ отырысында қазақстандық делегацияны ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды
24 Қыркүйек 2019, 09:34
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы болып тағайындалды
23 Қыркүйек 2019, 21:12
Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 21:03
Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді
23 Қыркүйек 2019, 20:56
Қазақстанның Тұңғыш Президенті ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 19:57
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуропа және Азия парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің қатысушыларымен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 19:48
Жылыту маусымына дайындық, ШОБ қолдау, мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық қамтуды арттыру: Үкіметтің кезекті отырысында қандай тапсырмалар берілді
23 Қыркүйек 2019, 18:45
ҚР вице-премьері Роман Скляр Иордания өкілдері палатасының төрағасы Атеф Ат-Тараунамен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 17:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.09.2019
23 Қыркүйек 2019, 15:11
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №30
23 Қыркүйек 2019, 14:42
Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру жергілікті қамтуды тиімді реттеуге жол ашады — Қаржы министрлігі
23 Қыркүйек 2019, 14:09
«Еңбек» бағдарламасы аясында шағын несие алушылар 8 мыңнан аса жұмыс орнын құрды — ҚР ЕХӘҚМ
23 Қыркүйек 2019, 14:09
Үкіметте «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру барысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту мәселесі қаралды
23 Қыркүйек 2019, 14:00
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жылыту маусымына дайындықты уақытылы аяқтауға бақылау орнатуды тапсырды
23 Қыркүйек 2019, 12:43
Энергия кәсіпорындарын жылыту маусымына дайындау жөндеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда — ҚР Энергетика министрлігі
23 Қыркүйек 2019, 12:23
Өңірлерде 10 мыңнан аса дербес қазандық жылыту маусымының басталуына дайын — ҚР ИИДМ
22 Қыркүйек 2019, 17:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қытай парламентінің басшысы Ли Чжаньшуге АХҚО-ны таныстыру шарасына қатысты
20 Қыркүйек 2019, 20:28
Инвестициялар, АӨК және туризм — 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы дамуының негізгі көрсеткіштері
20 Қыркүйек 2019, 18:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
20 Қыркүйек 2019, 17:03
23 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2019, 14:48
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысында май шығару зауытының ашылуына қатысты
20 Қыркүйек 2019, 14:21
ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев Семей жұртшылығымен кездесті
20 Қыркүйек 2019, 14:06
Еңбек табысының болуы «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасының міндетті шарты — ҚР Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі
20 Қыркүйек 2019, 13:54
Биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беріледі — Қ. Өскенбаев
20 Қыркүйек 2019, 13:05
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы 18 мың отбасы жаңа пәтер кілттерін алды
20 Қыркүйек 2019, 12:59
2019 жылдың 8 айында Қазақстанда 65 мың пәтер салынды — ҚР ИИДМ
19 Қыркүйек 2019, 19:17
Асқар Мамин Қарағанды облысының жаңа әкімін таныстырды
19 Қыркүйек 2019, 16:59
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды
19 Қыркүйек 2019, 16:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
19 Қыркүйек 2019, 16:14
Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы баспасөз конференциясы өтеді
19 Қыркүйек 2019, 15:23
Әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуде ешқандай проблема болмайды — ҚР Энергетика министрлігі жылу беру кезеңіне дайындық туралы
19 Қыркүйек 2019, 14:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
19 Қыркүйек 2019, 11:48
Б. Сапарбаев: Білім бүгін болашақтың қандай болатынын айқындайды
19 Қыркүйек 2019, 11:31
Алдағы жылу беру кезеңіне дайындық үшін қазандықтарды жөндеу жұмыстарының 93% аяқталды — ҚР Энергетика министрлігі
18 Қыркүйек 2019, 20:23
Асқар Мамин жаңа сыртқы істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерін таныстырды
18 Қыркүйек 2019, 16:16
Ақерке Ахметова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
18 Қыркүйек 2019, 13:57
Жылыту маусымына дайындық барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
17 Қыркүйек 2019, 17:47
Бизнес жүргізу шарттарын жақсарту, Жамбыл облысында пилоттық жобаны жүзеге асыру — кезекті Үкімет отырысы қалай өтті
17 Қыркүйек 2019, 17:31
Президенттік жастар кадрлық резерві: топ-300-ге кіру үшін нені білу керек
17 Қыркүйек 2019, 17:23
Президенттік жастар кадрлық резервіне 300 адам іріктеп алынады — ҚР МҚІА
17 Қыркүйек 2019, 17:19
Президенттік жастар кадрлық резервіне 3,5 мыңнан аса өтінім берілген — МҚІА
17 Қыркүйек 2019, 15:25
Асан Дарбаев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2019, 15:21
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.09.2019
17 Қыркүйек 2019, 11:54
Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру жобасы 131 мың отбасының әл-ауқатын жақсартады
17 Қыркүйек 2019, 11:15
Қазақстан математика және жаратылыстану пәндерінен академиялық білім бойынша 10 жетекші елдің қатарына кірді — БҒМ
17 Қыркүйек 2019, 10:45
Үкіметте Жамбыл облысының жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау бойынша пилоттық жоба талқыланды
17 Қыркүйек 2019, 10:44
Үкімет халықаралық рейтингтерде Қазақстанның позицияларын жақсарту шараларын қарады
17 Қыркүйек 2019, 10:29
Қазақстан «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Дүниежүзілік банк рейтингінде 21 позицияға көтерілді
17 Қыркүйек 2019, 10:11
Қазақстан «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 17 позицияға көтерілді — ҚР ИИДМ
17 Қыркүйек 2019, 09:42
Қазақстан «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде әлемнің 140 елінің ішінде 28-орынды алады
16 Қыркүйек 2019, 19:00
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ТМД елдерінің байланыс министрлерімен кездесті
16 Қыркүйек 2019, 18:06
Қазақстандағы машина жасау: 2000 жылдан бері өндіріс көлемі 24 есе артты
16 Қыркүйек 2019, 15:24
Түркияда Қазақстанның ұлттық музейінің «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
16 Қыркүйек 2019, 12:02
17 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
16 Қыркүйек 2019, 12:01
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №29
16 Қыркүйек 2019, 08:52
Нұр-Сұлтанда «География – мәдени даму бағыты» Қазақстанның қолданбалы өнер көрмесі ашылды
14 Қыркүйек 2019, 10:24
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Арменияға барды
13 Қыркүйек 2019, 18:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркияның іскерлік орта өкілдерімен кездесті
13 Қыркүйек 2019, 18:57
ҚР Энергетика министрлігі және Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстар туралы баяндады
13 Қыркүйек 2019, 18:31
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2019, 13:20
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды
13 Қыркүйек 2019, 12:57
МӘМС тұрғындардың денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындарын 2 есе азайтады — Л. Ақтаева сақтандыру медицинасын енгізу туралы
13 Қыркүйек 2019, 10:39
Азамат Ахметов ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Қыркүйек 2019, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
Құжаттар
Депутаттық сауал
© 2019 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі