Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстандық құс өсірушілер делдалдар мен супермаркеттерді жұмыртқа бағасын асырып отыр деп айыптауда

15 наурыз 2016, 17:21

Сауда желілерінде делдалдар жұмыртқа бағасына өндірушінің бағасынан 20%-дан артық қоспауы тиіс, деп есептейді еліміздің Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов. 

«Бізде өткізуге қатысты мәселе туындап отыр. Көптеген дүкендерде жұмыртқаның он данасына 350-390 теңге деген баға тұр. Осының арқасында делдалдар мол табыс көріп отыр. Бүгінгі таңда бірінші санаттағы жұмытқа құс фабрикасынан бір данасына 17-18 теңге бағамен шығарылады. Сондықтан, біз ҚР Үкіметіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мынадай ұсыныс тастадық: делдалдар сауда желілерінде біздің бағадан 20%-дан артық қоспаса екен», -деді Р.Шәріпов Қазақстан құс өсірушілері одағының жыл сайынғы жиналысы барысында. 

Оның айтуынша, сауда желілерінде отандық өнімдерді өткізуге бақылау жүргізу қажет.

«Өз өнімімізді өткізетін кезде біз шот-фактура жазамыз, соған сәйкес дүкендерде өнім бағасын 20%-дан артық көтермеуге болар еді», - деген ұсынысын айтты ол.

Сонымен қатар, одақ басшысы шағын құс фабрикаларына тікелей сауда желілерімен жұмыс жасаса, «бір-екі қораптан тасу тиімсіз» екенін айтып өтті.