Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР АШМ органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісін әзірлеуге сайыс жариялады

03 ақпан 2016, 15:32

Ауыл шаруашылығы министрлігі органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісін әзірлеуге сайыс жариялады.

«Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісінің басты мақсаты халықты органикалық өнімнің органикалық өнімді өндіру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған талаптарға сәйкестікті растау үрдісін өткендігі туралы хабарландыру болып табылады», - делінген аграрлық ведомство таратқан хабарламада.

Осылайша, органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісіне басты талаптар: экологиялық таза ауыл шаруашылығымен орайластырылуы тиіс; органикалық өнімнің экспортқа бағытталатынын ескеріп, белгі Қазақстан Республикасымен орайластырылуы және шет тілінде логотиптер болуы тиіс; тіркелген сауда белгілері мен логотиптерін қайталамау керек; оңай таңылатын болу керек; оң эмоция шамдану керек.

Жеңімпазды анықтау үшін құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілері кіретін байқау комиссиясы құрылады.

Сонымен қатар, ақшалай қаражат түрінде сый беру көзделмегенін атап өту жөн, жеңімпаз туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің алғыс хатымен белгіленеді.

«Сайысқа қатысу үшін өтінімдерді 010000 Астана қ., Кенесары көшесі, 36 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, тел. +7 (7172) 55-58-60 немесе serikbekova.a@minagri.gov.kz электронды мекен-жайға, өтінімдерді қабылдау мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанда аяқталады», - деп хабарлайды министрлікте.