Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Үкіметінде аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

26 ақпан 2018, 19:16
Астана
Фото: primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев Президент Жолдауын іске асыру аясында аграрлық ғылымды дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын орындау аясында аграрлық ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында АӨК саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру мәселелері, аграрлық университеттердің рөлі және ҒЗИ даму перспективалары талқыланды. Бұдан өзге, жаңа технологияларды трансферттеу және отандық шарттарға бейімделу, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді ортақ қаржыландыруға бизнесті тартуда қолға алынып жатқан шаралар қаралды. 

Кеңеске қатысушылар аталған бағыттағы ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыс жоспарын қарастырды.

Аграрлық ғылымды дамыту, білім беру бағдарламаларын жаңғырту мен АӨК-ні цифрландырудағы ЖОО-лардың рөлін күшейту туралы өз бағыттары бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т. Есполов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А. Күрішбаев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры А. Наметов, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Ғ. Қалиев сөз сөйледі.

 



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз