Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жеңістің 70-жылдығы құрметіне Қазақстандағы ардагерлерді әлеуметтік қолдауға 5 млрд астам теңге бөлінеді - С.Жақыпова

01 қазан 2014, 20:45

Қазақстанда Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау мен ардагерлерді ұлықтау үшін 2015 жылы республикалық бюджеттен 5 млрд астам теңге бөлінеді, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі  Светлана Жақыпова.

«Біз келер жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Шаралар жоспары бойынша ардагерлерді ұлықтау мен мерекелеуге дайындық жүргізілуде. Бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық ақша бөлінеді», - деді С.Жақыпова.

Оның айтуынша, бөлінген қаражат бір жолғы материалдық көмек көрсетуге, Қазақстан және ТМД елдері аумағы бойынша әуе және темір жол көлігімен тегін жолақыға, сондай-ақ осы мерекені тойлауға арналған іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне жұмсалады.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда 5,4 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен мүгедектері тұрады.