Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Премьер-Министр С. Ахметов «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша мәжіліс өткізді

28 желтоқсан 2012, 14:32

Жұма, 28 желтоқсан күні, ҚР  Премьер-Министрі  Серік Ахметов «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының үстіміздегі жылы жүзеге асырылуының қорытындылары талқыланған селекторлық отырыс өткізді.

«ТҚЖБ» АҚ басшысы Нұрбибі Наурызбаеваның сөзіне қарағанда, 2012 жылы тұрған үй құрылыс жинағы тарапынан жергілікті атқару органдарымен жалпы ауданы 194 мың шаршы метр болатын 3 мың пәтерге 32 нысандық келісімге қол қойылған. 2011 жылы қол қойылған келісімдерді есепке алғанда, жалпы ауданы 529 мың шаршы метр болатын 8021 пәтерлі 110 үйдің құрылысын салу көзделген.

Үстіміздегі жылы «ҚИК» АҚ тарапынан жеті өңірде, оның ішінде Астана және Алматы қалаларында 21,4 га жер алынды, ол жерлерде 2013 жылы сомасы 7,7 млрд. теңге болатын тұрғын үй құрылысы басталады.  Бұл туралы «Қазақстандық тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Әйтекенов хабарлады.

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тарапынан бағдарламаның орындалуы туралы қор басшысы Болат Палымбетов мәлімдеді. Оның мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні қорға құрылыс салушылар мен жеке инвесторлардан жалпы көлемі 5 млн шаршы метр болатын тұрғын үй құрылысы саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жөнінде 100 астам өтінім түскен.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірінші орынбасары Альберт Раудың айтуынша,  республикада бүгінгі күні 16 тұрғын үй құрылысы комбинатын салу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, олардың 7-і дайындықтың жоғары деңгейінде. 6 ТҚК ірі панелді үй құрылысы технологиясын, 4-қаңқалық-жинау және 6- аралас технологияны қолданбақ.

Сондай-ақ С.Ахметов  Қостанай, Павлодар және Алматы облыстары әкімдерінің бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы баяндамаларын тыңдады.

Мәжілістің қорытындысын шығара келіп, С.Ахметов облыстардың және  Астана, Алматы қаласы әкімдерінің назарын бағдарламаның жаңа бағытына: 2013 жылдан бастап жас отбасылар мен азаматтардың барлық санаттарына арналған  тұрғын үйді  жалгерлік арқылы сатып алу жүзеге асырыла бастайтынына аударды.  «Барлық әкімдердің осы мәселеге назар аударып, осы сұрақ бойынша мәжіліс өткізуін сұраймын. Аталған мәселе бойынша өте үлкен жұмыс басталады», - деп атап өтті ол.  

«Дағдарыс кезінде тоқтап қалған барлық ескі құрылыстарды әкімдер өз бақылауына алып, қозғалысты бастасын. Барлық облыстарда осындай жобалар бар, жер телімдері қоршаумен қоршалып, жылдар бойы өзгеріссіз тұр. Нақты құрылысшыларды тауып, Жылжымайтын мүлік қорымен, «ҚТҚК» АҚ-мен, Тұрғын үй құрылыс банкімен жұмыс істеуді бастаңдар. Бұл оларды алға тартудың бірегей мүмкіндігі, оның үстіне барлық өңірлерде тұрғын үй жетіспейтіндігі шындық. Мемлекет басшысы тапсырма берді, қоғам күтіп отыр», - деді С.Ахметов.

«Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері тұрғын үй құрылысының жылдық жоспарын сөзсіз орындаулыры қажет. ҚжТКША бұған қатаң бақылау жасасын. Бәріңізден де сұралады, мұны ұмытпаңыздар», - деп қорытындылады сөзін Премьер-Министр.