Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2017 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің өсімі қарастырылған - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

01 қазан 2014, 20:52

Қазақстанда 2017 жылдан бастап Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың тұжырымдамасы аясында зейнетақы төлемдері өсімі қарастырылған, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова. 

«Біз зейнетақы төлемдерінің өсуін қарастыратын зейнетақы жүйесін жаңғыртудың тұжырымдамасын әзірледік. 90-шы жылдары зейнетақыға шыққан адамдардың еңбек өтілі есептелмеді, себебі олар еңбек өтілін растайтын жұмыс берушіні таба алмады, осындай жағдайға душар болған адамдарды қарастырамыз. Біз базалық зейнетақы беру механизмін өзгертеміз. Біз осы ретте базалық зейнетақының көбеюін күтеміз. Айталық, бүгін олар 10 450 теңге алады, егер де бүгінгі күннің бағасымен есептесек кейіннен олар 20 000 алатын болады», - деді С.Жақыпова. 

Оның айтуынша, тұжырымдамада бұл мәселелер ескерілген, сондай-ақ, олар күн көру минимумының құрылымын өзгертуді де қарастыруда. Бұдан өзге, ол ардагерлердің зейнетақысы жәрдемақыны қосқанда 90 мың теңгенің аясында есептелетінін атап өтті.