Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ШҚО облысында тұратын 280 отбасы «Өрлеу» жобасының аясында әлеуметтік көмек алды

03 мамыр 2016, 23:09

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында тұратын 280-нен астам отбасы «Өрлеу» жобасының аясында әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«2016 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасының аясында жалпы сомасы 16,2 млн.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 7,3 млн. теңгені құрайтын шартты ақшалай көмек (ШАК) 285 отбасына (1 мың 262 адам) тағайындалды», - делінген хабарламада. 
 
Ведомствоның мәліметінше, ШАК алушылардың ішінде 719 адам – 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар - 351 адам, балалар күтімімен айналысатындар саны – 111 адам, жалдамалы жұмысшылар – 46, күндізгі оқу бөлімінде оқитындар - 20, мүгедектер – 15 адамды құрап отыр.

Жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 351 адам қамтылды. Бұл жұмысқа жарамды қатысушылардың 88,4%-ын құрайды. Оның ішінде 197 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы атанды. 109 азамат түрақты жұмыспен қамтылып, 38 адам қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталса, 7 азамат қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмекті енгізуге негізделген «Өрлеу» республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Ол шартсыз атаулы әлеуметтік көмектен «өзара міндеттемелер» қағидасына (әлеуметтік келісім-шарт жүйесіне) көшуді қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен қосымша 38 аудан мен қалаларда жүзеге асырылып келеді. 

2016 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Қазақстанда 2016 жылғы 1 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19,7 мың адамды құрап отыр, мемлекеттік жәрдемақы алушы балалар саны – 443,2 мың.