Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанның 15 қаласында ТКШ жетілдіру бойынша мәселелерді түсіндіруге арналған пункттер жұмыс жасай бастайды

02 қазан 2014, 22:38

Қазақстанның 15 қаласында  «Қазақстанның ТКШ жетілдіру және дамыту орталығы» АҚ жанында ақпараттық-консультациялық пункттер ұйымдастырылды, деп хабарлады орталықта.  

«Ақпараттық-консультациялық пункттер еліміздің 15 қаласында бар және олар халыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша сұрақтарға түсіндірме жасау мақсатындағы қызметтерді үйлестіруге бағытталған», - делінген хабарламада.

Бұл істер басқа да жұмыстар сияқты “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік саланың объектілерінде энергия үнемдеушілік шараларын ұйымдастыру” бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде атқарылуда. 

«Осы пункттердің атқаратын жұмыстары барысында азаматтар өздеріне қажетті барлық ақпаратты толық білуіне болады, яғни пәтердің меншік иелерімен кондоминиумді тіркеу рәсімі қалай өтеді және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеудің қайтарымды негізде қаржыландырылуындағы ерекшеліктер сынды ортақ мақсаттағы көптеген сауалдарға жауап алары анық», - деп басып айтты орталықта.

Сондай-ақ ақпараттық-консультациялық пунктке ел тұрғындары тұрғын үй көмегіне қалай қол жеткізуге болатындығына байланысты сауал жолдауларына болады. Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңы мен коммуналдық төлемдердің есептелу қағидаттары бойынша және жалпы мүлікті ұстап-тұтудың мәселелері жөнінде түсіндірмелік кеңес алуларына мүмкіндіктері бар.

Ақпараттық-консультациялық пунктте осы салаға байланысты сұрақ қоятын азаматтарды өтінішіне орай жеке адамның өзін қабылдауға немесе бір топ адамға кеңес беру мүмкіндіктері қарастырылған. Және пәтер иелерінің жиналысы мен шешіміне орай қол қойылып, мөр басылған құжаттарды (хаттама, талап, үндеу) бастамашы топтар мен белсенді адамдар арқылы рәсімдеуге құқығы бар. 

Айрықша атап айтқан абзал, ақпараттық-консультациялық пункттің жұмысында кондоминиумді басқарушы құрылымдарға қызмет көрсетіп, сұрақтарды телефон байланысы арқылы қабылдаған соң ресми жауап қайтаруға және тұрғындардың басын қосқан кездесулерге қатысу арқылы белгіленген орында түсіндірмелік кеңес жүргізу құзіреті қарастырылған.