Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жұмыста қымбат киім кигені үшін мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылады

24 маусым 2016, 18:41

За морально-этическим обликом госслужащих и их внешним видом, который должен соответствовать установленным требованиям, будут следить Уполномоченные по этике, сообщил на брифинге в СЦК руководитель управления контроля в сфере госслужбы Министерства по делам государственной службы РК Максат Мусин.

Мемлекеттік қызметкерлердің бекітілген талаптарға сәйкес келуі тиіс моральдық-этикалық кейпін және сыртқы келбетін Этика бойынша құзіреттілер қадағалайды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі министрлігі мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Мақсат Мусин.

«Мемлекеттік қызметкерлер заттарының бағасы қойылған жоқ, Этикалық кодексте ортақ ұстанымдар қойылады – қарапайымдылық және этика. Қазіргі таңда ортақ мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық нормалар анықталдуа. Сәйкес келу немсе келмеу этика бойынша құзыреттілікпен анықталады», - деді М.Мусин.
 
Ол айтып өткендей, этикалық нормалардың сақталуына мемлекеттік қызметкердің өздері жауап береді.

«Егер де аталмыш нормалардың сақталуына күмән туатын болса, олар сәйкесінше консультация мен нұсқауларға ие бола алады. Ал, этика бойынша құзыретті нұсқауларға көнбеген жағдайда құзырлы орган жауапкершілікке басқа құрал арқылы тарта алады», - деп түйіндеді спикер.