Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Аз қамтылған азаматтарды қолдау және жұмыспен қамту мәселелері: Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысына барды

04 сәуір 2019, 16:50
Фото: primeminister.kz

2019 жылғы 4 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың басшылығымен жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының басты бағыттарын түсіндіру мақсатында Қостанай облысына барды.

Жұмыс тобының құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет төрағасы М. Жайымбетов, Nur Otan партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов кірді.

Қостанай облысының Затобол кентінде халықпен кездесуінде Гүлшара Әбдіқалықова халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау бойынша шаралар қазақстандықтардың табысын арттыруға, тұрғын үймен қамтуға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын көтеруге бағытталғанын баса айтты.

Облыста «Бақытты отбасы» жобасы сәтті іске асырылуда. 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар өңір демеушілері көп балалы 14 отбасыға үй мен пәтерлер сатып алып берген.

Г. Әбдіқалықова 8 баланы тәрбиелеп отырған Шәкіровтер жанұясына барды. Аталған жоба шеңберінде оларға «БК-Строй» ЖШС қайырымдылық жасаушылары пәтер сыйлаған.

Премьер-Министрдің орынбасары осы аудандағы Затобол кенті мен Мичурин ауылында тұратын көп балалы отбасыларға барды. Соның нәтижесі бойынша ол облыс басшылығына олардың мәселелерін шешуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Мәселен, мектеп жасындағы 6 баласы бар Михайловтар отбасына үйдің шатырын жөндеу және терезелерін ауыстыруда көмек көрсетілетін болды.  

Бұдан басқа, вице-премьер Жұмыспен қамту орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді. 2018 жылы ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйлеріне барумен 2 899 мемлекеттік қызметті көрсеткен.

Сапар соңында Премьер-Министрдің орынбасары кеңес өткізді, онда «Еңбек» Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы қарастырылды.

Жалпы, ауданда жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңнан астам адам қамтылды, 1135 адамға және 185 оралмандар отбасына еңбек күші көп өңірлерден ерікті түрде көшіп келуге көмек көрсетілді.

2018 жылы техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындауға 950 мың адам бағытталды, 1653 адам қысқа мерзімді оқытуды өтті, оның ішінде 1454 адам жұмысқа орналастырылды. Өз ісін ашып, кеңейтуге 1021 шағын несие берілді, оның 933-і ауылдық жерде берілді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздеріне 2311 адам оқытылды, оның ішінде 1474 адам бизнес-жобаларын қорғады, 660 адам шағын несие алды. 2018 жылдан бастап мемлекеттік гранттар ұсынылуда. Бастапқы бизнесті бастау үшін 118 астам грант беріледі.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны өңірде іске асырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар нақты шаралар әзірленді.

Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда.

Аз қамтылған азаматтарды қолдау және жұмыспен қамту мәселелері: Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысына барды
1/5
Аз қамтылған азаматтарды қолдау және жұмыспен қамту мәселелері: Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысына барды
2/5
Аз қамтылған азаматтарды қолдау және жұмыспен қамту мәселелері: Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысына барды
3/5
Аз қамтылған азаматтарды қолдау және жұмыспен қамту мәселелері: Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысына барды
4/5
Аз қамтылған азаматтарды қолдау және жұмыспен қамту мәселелері: Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысына барды
5/5