Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2016 жылы ОҚО-да 562 инфрақұрылым нысаны жөнделеді

04 қазан 2016, 15:45

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуға республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінді.

«Жөнделетін 562 нысанның 250-і – көліктік инфрақұрылым нысаны, 97 – білім беру, 28 – мәдениет, 20 – спорт, 15 – инженерлік-комуналдық инфрақұрылым, 12 – әлеуметтік қорғау және 5 – денсаулық сақтау нысандары болып табылады», - деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ.

Ведомствоның мәліметінше, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 3 680 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

«Бүгінгі күні 83 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 1 581 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 861 адам - ЖҚЖК-2020 бағдарламасына қатысушылар», - деді министрлікте.

Еске салсақ, 2016 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.