Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша видеодайджест

30 шілде 2018, 14:26
Фото, бейне: primeminister.kz

27 шілдеде Санкт-Петербург қаласында (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті.

  • Оған ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев, РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведев, Арменияның Премьер-Министрі Н. Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі А. Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абулгазиев, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты.

  • Шағын және кеңейтілген құрамда өткен отырыстар барысында интеграциялық өзара іс-қимыл, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайдың өзекті мәселелері және тұрақты экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар қаралды. ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастық, кедендік реттеу, сонымен қатар, өнеркәсіптің басым салаларында кооперация және импортты алмастыруда интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

  • Отырыс жұмысының соңында бірқатар қорытынды құжаттарға қол қойылды.

  • БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы өткізілді, онда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян және РФ Үкіметінің төрағасы Д. Медведев журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз