Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

30 шілде 2018, 12:40
Фото, бейне: primeminister.kz

26 шілдеде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барып қайтты.

  • Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларының, «Бес әлеуметтік бастаманың», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу.

  • Жұмыс сапарының кестесіндегі алғашқы нысан әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны болды.

  • Б. Сағынтаев «Конденсат» АҚ зауытында мұнай мен газды өңдеудің үздіксіз технологиялық процесімен танысты.

  • Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев «Орал — Тасқала — Озинки РФ шекарасы» және «Казталов — Жәнібек — Бөкей ордасы» автожолдарының құрылысы барысымен танысты.

  • «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері облыстың Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының өкілдерімен кездесу барысында талқыланды.

  • Б. Сағынтаев Зашаған кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы барысымен және «7–20–25» бағдарламасын іске асыру кезеңдерімен танысты.

  • Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процесімен және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік жобаларын іске асырумен танысты.

  • Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының соңында Бақытжан Сағынтаев өңір активімен және бизнес өкілдерімен облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелері жөнінде кездесу өткізді.

  • Индикаторларға қол жеткізу және өнеркәсіп саласын, сауданы, көлік және логистиканы, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, АӨК, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңарту және цифрландыру, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту салаларында жобалық басқару бағыттары тұрғысынан бастамалар бойынша іс-шараларды орындау мәселелері талқыланды. Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов жобалық басқару аясында І жарты жылдықта әкімдіктің атқарған жұмысы мен ІІ жарты жылдыққа арналған жоспарлар туралы баяндады.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз